63
Сахабалар мен табиғиндер сабағы
сәлемін үйретті, сондықтан біз сізге мұсылманша сәлем
бердік», – деп сабырлы жүзбен жауап берді.
Туфәйлдың мұсылман болуы
Туфәйл ибн Амр «Аус» қауымының ең сыйлы
адамы еді. Бір күні Мекке қаласына жолы түседі. Ол
кезде Меккеде мұсылмандар мен пұтқа табынушылар
арасындағы алауыздық өршіп тұрған. Туфәйл Меккеге
кірер-кірмес мүшріктер қаумалап: «Ей, Туфәйл, Меккеге
қош келдің! Бұндағы жағдай мынау: өзін пайғамбармын
деп жариялаған құрайыштық Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
бізді ауыр халге душар етіп отыр. Арамызға іріткі
салып, сүттей ұйып отырған шырқымызды бұзды. Сөзін
тыңдағандар қалай арбалып қалғанын білмей, керек
десең, туған әкесі мен баласы, күйеуі мен әйелі бір-
бірінен безінуде. Абайламасаң, бұған сен де, қауымың
да тап болуы мүмкін, сондықтан Мұхаммедтен аулақ
жүргенің дұрыс. Айтқан сөзін тыңдама», – деп жамы-
раса ақыл айтқан болады.
Бұл әңгімеден кейін Туфәйл шынында да
Пайғамбарымыздан қауіптеніп, Қағбаға бара қалса,
құлағына мақта тығып алатынды шығарды.
Бірде күтпеген оқиға орын алды. Қағбаның жанын-
да Аллаһ елшісінің (с.а.с.) намаз оқып тұрғанын көрді.
Өзіне тосын қимылдарға біршама уақыт алыстан қарап
тұрды. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) оқыған Құранын да естіді.
Туфәйл, неге екенін бұның бәрін жылы қабылдады.
Бір уақытта өзіне «Мен неге құлағымды бітеуім ке-
рек? Нені тыңдап, нені тыңдамауды маған басқа біреу
үйретуі керек пе? Бұл кісіге жолығып көрсем қайтеді?
Нашарлығына көз жеткізсем, өз жөніме кетермін» – де-
ген ой келеді.