58
Тағылым таразысы
Ғыфарұлдары қауымынан шыққан бір кісінің
мөлдір, тұщы сулы «Рума» деген құдығы бар еді. Ол
сол құдықтың суын сатып күнелтетін.
Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Мына құдықты
жұмақтағы құдыққа айырбастағың келмей ме?» – деп
сұрады. Әлгі кісі қиналып: «Уа, Расулаллаһ! Мен от-
басымды осы құдықтан түскен табыс арқылы асырап
отырмын. Мен оны айырбастай алмаймын», – деп жауап
қатты.
Бұл сөзді құлағы шалып қалған Осман (р.а.) дереу
құдық иесімен көп мөлшердегі байлыққа саудаласты.
Сөйтті де: «Уа, Расулаллаһ! Егер әлгі құдықты сатып
алсам, ана кісіге уәде еткен жұмақ бұлағын маған да
уәде етесіз бе?» – деді.
Аллаһ елшісі: «Иә, әрине», – деді.
Осман (р.а.): «Ол құдықты сатып алдым. Ниетім
мұсылман бауырларыма сыйлау», – деді».
Сен оны ұмытсаң да
Ибн Асакир әңгімелеуде:
«Хазірет Осман (р.а.) бірде халыққа былай деп
хұтба оқыды: «Әй, адам баласы! Мынаны есте ұста, ар-
найы міндеттелген ажал періштесі үнемі сені аңдуда.
Сен дүниеге келгелі бері талайлардың жанын алған
ол бір күні аяңдап саған да келеді. Сол үшін қам жаса,
өйткені сен оны ұмытып кетсең де, ол сені ешқашан
ұмытпайды. Егер сен ғапылдықпен өлімге дайындық
жасамасаң, басқа біреу сен үшін дайындық жасамайды.
Аллаһтың алдына барарың сөзсіз, сондықтан әзірлігіңді
естен шығарма».