Previous Page  57 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 208 Next Page
Page Background

57

Сахабалар мен табиғиндер сабағы

қажылыққа бару, дін жолында көмек жасауда сауаптың

бәрі сендерден артылмайтын болды», – деп мұңайды.

Осман (р.а.): «Сендер бұған қызыға қарайсыңдар

ғой, түсінгенім?» – деп сұрады. Әлгі кісі басын изеді.

Сонда Осман (р.а.): «Құдай ақы, адамның өзі зәру

бола тұра, Аллаһ жолында жұмсаған бір дирхамы бай-

бақуатты, молшылық заманда берген адамның он мың

дирхамынан артық», – деді.».

Османның (р.а.) жомарттығы

Абдуррахман ибн Хаббаб әс-Сәлами әңгімелеуде:

«Расулаллаһ (с.а.с.) Тәбук соғысына әскер жасақтау

үшін сахабалардан көмек сұрады. Осман (р.а.): «Мен

жәрдемге жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберден бір саты төмен

түсіп, жамағатты игі іске ортақтасып, сауап алуға

шақырды. Бұл жолы да Осман (р.а.) суырылып алға

шықты да, «Тағы жүз түйені жүгімен қоса атадым», –

деп уәде берді.

Османның бұл мәрттігіне риза болған

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қуана дауыстап: «Османның

бұдан кейін жасайтын істері ақыретте табысқа кенелуіне

ешқандай кедергі жасай алмайды», – деп, осы сөзін үш

рет қайталаған еді.».

«Рума» құдығы

Бәшир әл-Әслами әңгімелеуде:

«Мұһажир мұсылмандар көшіп келген алғашқы

күндері Мәдинаның суына үйренісе алмай, кәдімгідей

қиналды.