35
Пайғамбарлар парасаты
Көбейткенің өзіңе жақсы
Үбәй ибн Кағб (р.а.) әңгімелеуде:
«Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып көптен
бергі көкейімде жүрген сұрағымды қойдым:
– Уа, Аллаһтың елшісі, мен сізге көп салауат ай-
тып, сәлем жолдап жүрем, соны қанша жасаған дұрыс?
– Қалағаныңша.
– Дұғамның төрттен бірін сізге салауат пен сәлемге
арнағаным қалай?
– Өзің білесің, бірақ көбейткенің өзіңе жақсы.
– Онда үштен екісін арнасам ше?
– Өзің білесің, бірақ одан да көбейткенің өзіңе
жақсы.
– Олай болса, дұғамның бәрін сізге салауатқа ар-
наймын.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсіреп.
– Дұғаңның бәрін салауат пен сәлемге арнасаң,
қиыншылық атаулы сенен алты қыр алыста жүреді.
Күнәларыңнан біржолата арыласың», – деген еді.
Қайсысы артығырақ?
Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітке кіріп, ол жер-
ден құлшылықтағы екі топты көрді. Біреулері Аллаһты
зікір етіп, дұға оқуда, ал екіншілері фиқһ пен дін
үкімдерін үйреніп жатыр екен. Сонда Пайғамбарымыз
(с.а.с.) жанындағыларға қарап:
– Бұл екі топ та қайырлы іспен шұғылданып отыр.
Бірақ біреуінікі екіншісіне қарағанда көш ілгері. Артығы
қайсысы десеңдер айтарым: мен бұл өмірге ұстаз бо-
лып жіберілдім. Лайықты түрде құлшылық істеу үшін
Аллаһты шамамыздың келгенінше тануымыз керек, –