32
Тағылым таразысы
– Бұл аманат мал, менікі емес, – деп жауап қатты
бала. Бұл жауапқа риза болған екі кісінің бірі:
– Онда маған қысыр да болса бір қойыңды алып
келші? – деді.
Бала жақын тұрған арық бір қойды көрсетті. Әлгі
кісі күбірлеп бір сөздерді айтты да, қойдың желінін
қолдарымен сипалай бастады. Сөйткенше болмай
әлдеқашан суалып кеткен қойдың желіні тырсиып, сүт
шыға бастады. Ештеңеден хабарсыз бала бұған сенер-
сенбесін білмей таңырқап:
– Жаңағы айтқан сөздеріңізді маған да үйретіңізші?
– деді. Бейтаныс кісі күлімсіреп:
– Сен ол сөздерді міндетті түрде үйренесің, әрі
өскенде ғалым боласың, – деп жауап берді.
Ол кісі пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
болатын. Досы Әбу Бәкірмен (р.а.) екеуі бір жаққа
жолаушылап бара жатқан еді.
Жас бала кейіннен Ислам дінін қабылдады. Өскенде
расында да үлкен ғалым болды.
Қабыл болмайтын амал
Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қиямет жайлы сөз
қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы
адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып
тірелді.
«ҚияметкүнібіршамаадамТахаманыңүлкендігіндей
сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Аллаһ
тағала қабылдамайды».
Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа
(р.а.): – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі, әке-шешем
жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін