Previous Page  27 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 208 Next Page
Page Background

27

Пайғамбарлар парасаты

Ұлы махаббат

Иса пайғамбар (а.с.) жолшыбай келе жатып, бір

мекеннің тұсынан бақшасын суғарып жүрген жігітті

кезіктіреді. Жас жігіт: «Дұға етіңізші, Раббым өзіндегі

махаббатынан бір ұшқынын маған нәсіп етсінші?» –

деп өтінеді. Иса (а.с.): «Сен оған шыдай алмайсың», –

дейді. Жас жігіт: «Онда соның жартысындайын-ақ нәсіп

етсінші», – деп қиылады. Иса пайғамбар қолын жайып:

«Уа, Жаратушы ием! Мына жігітке өз махаббатыңнан

бір ұшқынының жартысын нәсіп етші», – деп дұға жа-

сап, сапарын жалғастырып кете барады.

Арада біршама уақыт өтіп, Исаның (а.с.) жолы

әлгі жігіт мекен ететін ауылға түседі. Жігіттің жай-

ын сұрастырғанда, ел: «Ол жынданып, тау-тас кезіп

кетті», – деседі. Иса пайғамбар (а.с.) дұға жасап, оны

өзіне көрсетуін сұрайды. Лезде дұғасы қабыл болып,

жігіттің бір тауда жартастың үстіне шығып алып, басын

тік көтеріп, көз алмай аспанға қарап тұрғанын көреді.

Иса оған сәлем береді. Жігіт ештеңе естімегендей қалып

танытады. «Мен Исамын ғой» деп жігіттің назарын

аудармақ болғанда, сол жерде Жаратушыдан мынадай

уахи келеді:

«Әй, Иса! Жүрегінде мендегі махаббаттың бір

ұшқынына да жетпейтін махаббат бар құлым адам

баласының сөзін қайдан естісін? Құдіретіме ант етейін,

сен оны арамен екіге бөліп тастасаң да, ол ешқандай

ауырсынуды сезбейді!»

Әй, достым!

Иса пайғамбар (а.с.) сапарының бірінде айдала-

да шапанын бүркеніп, жерде ұйықтап жатқан біреуді

көреді. Оны: «Әй, терең ұйқыдағы адам! Тұр, Аллаһты