Previous Page  23 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 208 Next Page
Page Background

23

Пайғамбарлар парасаты

– дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз,

әрине», – деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.):

«Меніңше, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып

тастайтын сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?»

– дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді:

«Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты

жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу

– ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең.

Бұл – үлкен тәрбиесіздік», – деген еді.

Қу дүниеге құштарлық

Бір күні Иса пайғамбар (а.с.) жолға шықпақ болып

жиналады. Кенет оған бір адам келіп өзін де ала кетуін

өтінеді. Пайғамбар келіседі. Екеуі жолдас боп, бірге

сапар шегеді. Ұзақ жүріп бір өзеннің жағасына дема-

лып, сол жерде ауқаттанып, аяқ суытады. Дастарханға

қойылған үш нанның екеуін жеп, біреуі қалады. Хазірет

Иса (а.с.) өзеннен су ішіп келгенде, үшінші нан жоғын

байқайды.

– Нанды кім алды? – деп серігінен сұрайды.

– Білмеймін, – деп жауап береді жолдасы.

Иса (а.с.) қайталап сұрамай, тұрып жүре береді.

Жолдасы еріп отырады. Олар ұзақ жүреді. Жолда егіз

лағымен бір киік жайылып жүреді. Иса (а.с.) лақтың

біреуін ұстап сойып, екеуі еттің жартысын асып жеп ала-

ды. Иса пайғамбар (а.с.) қалған шикі етке: «Аллаһтың

рұқсатымен қайтадан тіріл», – дегенде, ет дереу баяғы

сүйкімді лақ қалпына келіп, енесіне қосылып жортып

кетеді. Иса (а.с.) жолдасына қайтадан:

– Осы мұғжизаны көрсеткен Аллаһтың атымен

сұраймын, нанды кім алды? – дейді. Жолдасы тағы да

білмейтінін қайталайды. Иса (а.с.) қазбалап сұрамастан