18
Тағылым таразысы
қаныпезер болмақ еді. Аллаһ тағала әлгі ата-ананы
аяғандықтан, баланы менің өлтіргенімді қалады.
Бұзылған қораны жөндегенім, ол негізі екі жетім
баланікі еді. Қабырғаның астында балаларға тиесілі
қазына болатын. Қабырға құласа, қазынаны жұрт талап
кететіндіктен, Раббым екі жетімнің мирасын өздеріне
сақтағысы келді. Мен екі бала ер жеткенше ашылмай-
тындай етіп қазынаны көміп кеттім. Әй, Мұса, бұның
бәрін мен істегенмен, анығында бір Аллаһтың әмірімен
жүзеге асты», – деп түсіндірді.
Кемшілікті жасыру
Бірде елді қуаңшылық жайлап Мұса пайғамбар
(а.с.) қауымын ертіп, тасаттыққа шығады. Дұға жа-
сап, Аллаһтан жаңбыр тілейді. Бірақ дұға қабыл бол-
май, жаңбыр жауа қоймайды. Сонда Мұса пайғамбар
(а.с.) қолын жайып: «Я, Аллаһ тағалам! Сен менен тіле,
сонда жаңбыр жаудырам, қуаңшылықтан құтқарам
деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл
қылмауыңның хикметі не?» – деп сұрайды. Сонда
Аллаһ тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда
жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға
келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап
қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім
екенін білдіре гөр», – дегенде, Аллаһ тағала: «Менің бір
есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасы-
рып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді
қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға келіңдер,
сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді», – деген
екен.