19
Пайғамбарлар парасаты
Егер шын таныса
«Захри Рияз» атты еңбекте риуаят етілгеніне
қарағанда, Мұса пайғамбардың (а.с.) бір жақын досы
бар еді. Екеуі бірге жүретін. Бірде досы хазірет Мұсаға
(а.с.): «Аллаһқа жалбарынып дұға жасашы, маған
Өзін жақыннан танытсыншы?» – деп өтінді. Досының
өтінішімен дұға жасағанда, Мұса пайғамбардың дұғасы
қабыл болады. Алайда біршама уақыттан соң, әлгі досы
өз-өзінен адамдардан безініп, жабайы аңдарға қосылып,
тау-тас кезіп кетеді. Күнде бірге жүрген досынан көз
жазып қалған Мұса (а.с.): «Уа, Раббым, ол менің жақын
досым, бауырым еді. Жоғалтып алғаным қалай?..» – деп
дұға еткенінде, «Әй, Мұса! Мені жақыннан таныған
құлым ешбір адам баласымен бірге өмір сүре алмайды»
деген ғайыптан дауыс естіледі.
Әсия
Перғауынның әйелі Әсия жасырын иман еткен еді.
Бұны Перғауын біліп қойғанда, оны күштеп дінінен
қайтарудың амалдарын жасады. Әсия көп қорлық
көрсе де шыдамдылық танытады. Сондай бір қиналған
кезінде қасына келген Мұса пайғамбардан (а.с.): «Әй,
Мұса! Айтшы, Раббым маған разы ма, жоқ әлде ашулы
ма?» – деп сұрайды. Мұса пайғамбар (а.с.) оған: «Әй,
Әсия! Жеті қабат көктің періштелерінің бәрі қазір сенің
жолыңды тосуда. Бәрі сені сағынышпен еске алуда.
Ұлы Аллаһ сені мақтан тұтуда. Қалаған нәрсеңді маған
білдір, міндетті түрде орындалады», – деп жауап береді.
Сол кезде Әсия мына дұғаны айтқан деседі. Ол Құранда
білдірілген: «Уа, Раббым! Жаннатта маған өз қасыңнан