21
Пайғамбарлар парасаты
пендесін жек көрудің қаншалықты маңызды екеніне көз
жеткізді.
Жаннаттағы көрші
Мұса пайғамбар (а.с.) Тұр тауында Жаратушымен
тілдескеннен кейін: – Уа, раббым! Маған жұмақтағы
көршімді көрсетші? – деп сұрайды. Аллаһ тағала оған:
– Пәлен деген қалада бір қасапшы бар. Сенің жұмақтағы
көршің сол, – дейді.
Мұса пайғамбар мәңгілік көршісінің қандай сау-
апты істерімен жаннаттық дәрежеге жеткенін білуге
құмартып, іздеп жолға шығады. Көп сапар шегіп, көршісі
мекен ететін шаһарға келіп қасапшыны тапқанда: – Әй,
пәленше, мен саған құдайы қонақпын, – дейді. Қасапшы
бейтанысты көріп, кім екенін білмесе де, құрақ ұшып:
– О не дегеніңіз?! Аллаһ разылығы үшін есігіміз қашан
да ашық. Кешкісін үйге жүріңіз, – дейді.
Күн батып, ақшам түскенде, екеуі үйге бірге
қайтады. Қасапшы жол-жөнекей қолындағы дорбасы
толғанша жейтін оны-мұны сатып алады. Шаңырағына
келгеннен кейін: «Менің тағы бір аса қадірлі қонағым
бар еді, рұқсат етсеңіз, алдымен сол кісінің қалын сұрап,
жағдайын реттейін, сіз сәл дем ала тұрыңыз», – дейді
де, төсекке таңылған кәрі дімкәс кісіні еппен тұрғызып,
жас балаша аялап күтімін жасап, киімін ауыстырады.
Тамағын беріп, барлық қызметін атқарған соң оны
бұрынғы орнына қайта жатқызады. Әлгі кейуана оған
бірдеңе деп күбірлейді, бұл «Әмин» дейді де, Мұса
пайғамбардың жанына келеді.
Оның іс-әрекетін бақылап отырған Мұса пайғамбар
(а.с.) одан: «Асты-үстіне түсіп сонша бәйек болдың,
бұл кісі кім еді?» – деп сұрайды. Қасапшы: – Бұл кісі