Previous Page  16 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 208 Next Page
Page Background

16

Тағылым таразысы

екі етпей, дереу жолға шықты. Көп жүріп бір теңіздің

жағасына жетті. Сәл аялдап, көз шырымын алмақ бол-

ды. Оянса, дорбасы босап қалған екен. Дорбасындағы

тұздалған балыққа жан бітіп, теңізге жүзіп кетіпті. Ал,

анадай жерде біреу теңізге қарап отыр екен. Мұса (а.с.)

іштей екі теңіздің қосылған жерінде мекендейтін ілім

иесі, сірә, сол болса керек деп топшылады. Анығында, ол

Қызыр (а.с.) еді. Барып сәлем беріп, өтінішін білдірді:

– Мен Мұсамын, сізге ілім үйренуге келдім.

Біршама уақыт жолдас болуға рұқсат етсеңіз? – дейді.

– Менімен жолдас болуға шыдамың жетпес, – дейді

бейтаныс.

– Қолымнан келгенше сабырлы болуға уәде

беремін, – деп тағы да өтінген соң,

– Олай болса, менен ештеңе сұрама. Сонда ғана

екеуміз жолдас бола аламыз, – деген жауап алады.

Мұса (а.с.) ризашылығын білдірді. Екеуі жолға

шықты. Ұзақ жүргеннен кейін бір кемеге мінді. Кеме иесі

Қызырды танығандықтан, ақы алмады. Біраз жүргеннен

кейін Қызыр (а.с.) қолына ара алып кеменің қоймасына

түсті. Арамен кеменің тақтайларын аралай бастады. Аз-

дан соң су жиналып, кеме бір қырына қисайып қалды.

Бұны көргенде Мұса (а.с.) шыдамай:

– Бұныңыз не? Еш ақы сұрамаған кісілердің

кемесіне қастандық жасағаныңыз қалай? – деді.

– Әлгіндегі уәдең қайда?

Мұса ( а.с.) дереу кешірім сұрады. Шынында да ол

уәдесін ұмытып кеткен екен. Осы кезде олардың көз ал-

дында кішкентай бір құс келіп, теңізге тұмсығын баты-

рып су ішті де, қайтадан ұшып кетті.

Бұны көргенде Қызыр (а.с.) Мұса пайғамбарға

қарап: