Previous Page  11 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 208 Next Page
Page Background

11

Пайғамбарлар парасаты

«Сені кім кіргізді?!» – деп сұрайды. Бейтаныс адам:

«Мені осы үйдің иесі кіргізді», – дейді. Ибраһим (а.с.):

«Бұл үйдің иесі менмін», – дейді. Әлгі кісі: «Сенен де,

менен де бұрынғы осы мекеннің иесі кіргізді», – деп,

Жаратушыны меңзеді. Хазірет Ибраһим (а.с.) оның

Әзірейіл періште екенін біліп: «Әй, Әзірейіл, маған

мүмин құлдардың жанын алардағы бейнеңді көрсетші?»

– деп өтінді. Әзірейіл: «Онда артыңа бұрыл», – дейді.

Ибраһим (а.с.) артына бұрылып, аз уақыттан кейін

қайта қарағанда, тым келбетті, тартымды, киімі сәнді,

хош иісті, жап-жас жігіттің тұрғанын көреді. Сол кезде

хазірет Ибраһим (а.с.): «Мүмин кісіге өлер алдында сені

осындай келбетте көрудің өзі жеткілікті марапат қой»,

– деген екен.

Құдірет

Бірде Ибраһим пайғамбар (а.с.) теңіз жағасында

жатқан бір өлексені көреді. Оны құстар да, толқынмен

келген балықтар да жалтап жеп кетіп жатыр екен.

Қызықтап тұрып, бір мезетте жырымдалып, тістегеннің

аузында кеткен бұл өлексені Аллаһ тағаланың ақыретте

қалай бүтін күйде тірілтетінін ойлайды.

Сөйтеді де: «Уа, Раббым, ақыретте өлілерді қалай

тірілтетініңді маwған көрсетші», – деп дұға жасайды.

Аллаһ тағала жауап қатып, төрт құсты қолға

үйреткеннен кейін төртеуін де сойып, еттерін араласты-

рып, әр тауға апарып тастауын, содан соң оларды өзіне

шақыруын тапсырады.

Ибраһим (а.с.) айтылған әмірді орындағанда, Ұлы

Жаратушының құдіретіне таңғалады, өйткені әлгінде

ғана өз қолымен сойған еттер құралып, бүтінделіп,

құстарға жан бітіп жанына ұшып келген еді.