Previous Page  8 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 208 Next Page
Page Background

8

Тағылым таразысы

Адамата бұныестігенде, «Әй,Жәбірейіл, тәубамның

қабыл болғанына шүкіршілігім шексіз, дегенмен бұдан

кейінгі жағдайымды да білгім келеді», – деді.

Осы кезде Аллаһ тағала мынадай уахи түсірді:

«Әй, Адам! Кейінгі ұрпақтарыңа сен қиындық пен

ауыртпалық мирас еттің. Мен болсам, оларға тәубаны

мирас еттім. Олардан кім маған жалбарынып дұға етсе,

сенің дұғаңды қабылдағанымдай олардың да дұғасын

қабыл алатын боламын. Кім менен күнәсіне кешірім

тілесе, кешірімімді одан аямаймын, өйткені Мен – маған

қол жайғандардың ең жақынымын әрі тілектерін қабыл

алушымын. Күнәсіне тәуба еткендердің дұғаларын қабыл

алып, оларды қабірден қуанышты кейіпте шығарып,

Махшарға жолаушы ететін боламын».

Адам атаның өсиеті

Адам ата (а.с.) баласы Шит пайғамбарға (а.с.)

мынадай бес насихатын айтып, оны кейінгі ұрпағына

жеткізуді табыстаған екен:

1. Ұрпақтарыма өткінші дүниеге сеніп қалмауды

айт, өйткені мен «мәңгілік қой» деп жұмаққа сеніп едім.

Алайда Аллаһ тағала мені ол жерден шығарды.

2. Ұрпақтарыма әйелдері құмартқан әр іске бара

бермеуін айт, өйткені мен әйелімнің қалауымен тыйым

салынған жемісті жегеніме кейін өкіндім.

3. Ұрпақтарыма бір істі бастамай тұрып, бас-аяғын

толық мөлшерлеп алуын айт, өйткені мен ол істің бас-

аяғын алдын-ала ойлағанымда бәлкім мұндай болмас

еді.

4. Қандай да бір іске ниет еткенде, егер сәл күмән

туса, шегініс жасай білген жөн. Өйткені мен тыйым