9
Пайғамбарлар парасаты
салынған жемісті жерде іштей күмәндандым, бірақ бас
тарта алмағандықтан, пұшайман күй кештім.
5. Бір істі бастамай тұрып, білетіндермен ақыл-
дасыңдар. Егер мен алдын-ала періштелермен ақыл-
дасқанда, мұндай жағдайға ұшырамас едім.
Нұх пайғамбар мен әзәзіл
Нұх пайғамбар (а.с.) әлемді топан су баспай тұрып,
Аллаһтың әмірімен жер бетіндегі әр тіршілік иелерінен
бір-бір жұп алып кемеге орналастырып жатқанда,
кеменің бір бұрышына ешкімге байқатпай бір шалдың
кіріп алғанын байқайды. Нұх (а.с.) одан: «Кемеге неге
міндің?» деп сұрағанда, бейтаныс: «Мінгендердің
жүрегін өзіме байлап, саған тек денелерін қалдыру
үшін», – деп жауап қатты. Бұны естігенде, оның Ібіліс
екенін дереу сезген Нұх (а.с.): «Әй, малғұн, кет, бұл
жерден», – деп оны қуады. Сол кезде Ібіліс оған: «Мен
адамдарды бес түрлі нәрсемен азғырамын. Үшеуін ай-
тайын, бірақ қалған екеуін айтпаймын», – дейді. Сол
сәт Аллаһ тағала Нұхқа (а.с.) уахи түсіріп: «Алдыңғы
үшеуі аса маңызды емес, қалған екеуін саған білдірсін»,
– дейді. Осыдан кейін Нұх (а.с.) Ібіліске: «Сен маған
сол екеуін айт, жеткілікті», – дейді. Сонда шайтан оған:
«Ол екі нәрсе мені ешқашан жерге қаратқан емес. Сол
екеуін қолданғанда, мен ешқашан мақсатыма жетпей
қойған емеспін. Адамдардың түбіне жетуде олардың көп
көмегін көрем. Ол – құмарлық пен қызғаныш. Өз басым
қызғанғандықтан қарғысқа ұшырадым. Ал құмарлыққа
келсек, жұмақта хазірет Адамға бір ағаштан басқаның
барлығы адал қылынған еді. Мен оның құмарлығын
қоздыру арқылы сол ағаштың жемісін бәрібір жегіздім»,
– деді.