Previous Page  12 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 208 Next Page
Page Background

12

Тағылым таразысы

Аллаһ тағала үшін қайта тірілтудің еш қиын

еместігіне куә болған Ибраһим пайғамбар (а.с.)

Жаратушыға мақтауын айтады.

Зәкәрияның (а.с.) сабыры

Пайғамбарларға жаулық көрсетуші, оларға қарсы

кезеген кездігін төмен түсірмейтін қаскөйлер қай

қоғамда да ұшырасады. Зәкәрия пайғамбар (а.с.) бірде

өзін өлтірмекші болған осындай бір топ яһудилерден

қашып келе жатты. Қуғыншылардың тықыры таяғанда

пайғамбар сасқанынан алдынан кезіге кеткен бір ағашқа:

«Әй, ағаш, құтқар, мені жасыр?!» – дейді. Сол жерде

ағаш қақ жарылып, Зәкәрия (а.с.) оның ішіне кіріп жасы-

рынады. Ізімен қуып келе жатқан яһудилер көз алдарын-

да ағаштың жарылып, қайта жабылып қалғанын көреді.

Зәкәрияны (а.с.) өлтіру үшін шайтан оларға әлгі ағашты

арамен екіге бөліп тастау керектігін айтады. Яһудилер

бұл азғыруға еріп, ара әкеліп жуан діңді кесе бастай-

ды. Араның жүзі денесіне жетіп, қаната бастағанда,

Зәкәрияның (а.с.) қиналғаннан жан даусы шығады.

Сол кезде Жаратушыдан «Әй, Зәкәрия! Неге сабыр

етпейсің?! Егер тағы үнің шықса, сені пайғамбарлар

тізімінен шығарып тастаймын» деген уахи түседі.

Бұны естігенді Зәкәрия (а.с.) бар күшін жинап, шы-

дап тұрады. Дұшпандары оны осылай аралай берді. Асыл

пайғамбар Жаратушының бұйрығына мойынсұнып,

сұмдық азапты ажалын мен аралап өлтіреді.

Ал, адамдар оның өлімінен Жаратушының

құдіретін таниды. Оның мұндай өлімге бұйырылу себебі

– қаскөйлерден бас сауғалап, жаны қысылғанда Зәкәрия

пайғамбардың (а.с.) Аллаһтан емес, алдынан шыққан

әлгі ағаштан көмек сұрағаны себеп болған деседі.