Previous Page  17 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 208 Next Page
Page Background

17

Пайғамбарлар парасаты

– Аллаһтың ілімінің жанында біздің білгеніміз

жаңағы құстың тұмсығына жұққан судай ғана, – дейді.

Ұзақ жүріп кемемен жағаға жетеді. Екеуі ары қарай

сапарын жалғастырады. Бір уақытта алдарынан бір топ

ойын баласы кездеседі. Қызыр ойланып жатпастан әлгі

балалардың біреуін өлтіріп тастады. Бұл жолы Мұса

(а.с.) тағы ашуланды:

– Баланы жазықсыздан-жазықсыз неге өлтірдіңіз?

– Жол бойы менен ештеңе сұрамауды ескертпеп пе

едім?

– Онда кешірім өтінем, соңғы рет тағы рұқсат

етіңіз, – дейді Мұса (а.с.)

Екеуі тағы жүріп кетті. Жүре-жүре бір ауылдың

үстінен түседі. Бірақ жолаушыларды жан баласы қонақ

қылмайды, не тамақ бермейді. Екеуі шарасыз кетіп

бара жатқанда, құлағалы тұрған бір қабырғаны көреді.

Қызыр (а.с.) қораны түзетіп, қалпына келтіріп қояды.

Мұса (а.с.):

– Бұл ауылдағылар бізді не қонақ етпеді, не

үйлеріне қондырмады, ал сіз танымайтын біреудің

қорасын жөндедіңіз, – деп ренжиді.

Бұны естігенде Қызыр уағдасын орындамағаны

үшін Мұсамен осы жерден қош айтысатынын білдірді.

Сөйтті де оған түсініксіз көрінген істердің мәнісін бы-

лай түсіндірді:

«Әуелі, кеменің тақтайларын кесіп, кемені сәл

қисайтып қою арқылы кедей-кепшіктің жағдайын ой-

ладым. Себебі ол атырапта ашық теңізге шығып кеме

тонайтын қарақшылар бар еді. Олар бүтін кемеге ғана

тиісетін. Баланы өлтіру себебім, оның әке-шешесі өте

жақсы кісілер еді. Ал бала бұзақы боп өсіп келе жат-

ты. Кейін өскенде кәрі ата-анасына күн көрсетпейтін