Previous Page  14 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 208 Next Page
Page Background

14

Тағылым таразысы

(а.с.) олардың әлгі сөзін түсінген кезде, өзіне осындай

ерекше қасиет дарытқан Жаратушыға шүкір етіп:

– Раббым! Өзіме, әкем мен шешеме берген сан-

сыз нығметтерің үшін Саған шүкір етемін. Қалған

өмірімде Сенің разылығың үшін игі іс істеуіме демеу

бер. Рақымыңды төгіп, мені жұмақта ізгі құлдарыңмен

бірге ете гөр! – деп дұға етті.

Дәуіт пайғамбар мен қасқыр

Дәуіт (а.с.) орынтағына жайғасып, Зәбүр оқып от-

ырып, сүйретіліп әрең кетіп бара жатқан өзгеше түсті

бір қасқырды көреді. Ішінен: «Апыр-ай, бұл қасқырды

жаратудағы Хақ тағаланың мақсаты не болды екен?» –

деген ой келеді. Сол кезде Аллаһ тағаланың сөйлетуімен

қасқыр оған:

«Әй, пайғамбар! Күн сайын күндізгі уақытта мың рет

«субханаллаһи уәл-хамду лиллаһи уә лә иләһа иллаллаһу

уаллаһу әкбар (Аллаһты пәктеймін, мақтау айтамын,

Одан басқа тәңір жоқ, Аллаһ ең ұлы) деуді Аллаһ маған

міндеттеді. Ал түнде тағы да мың рет «Аллаһумма салли

ала сәйидинәМұхаммадин нәбиил-умиил уә алә әлиһи уә

сахбиһи уә сәллим» (Аллаһ тағалам, оқу-жазу білмейтін

пайғамбарың Мұхаммедке, соның ұрпақтарына, саха-

баларына рақымыңды төк, саламаттық бер)» деуімді

міндеттеді. Ал өзің зікірді қайтіп айтасың, білдірші, мен

де тыңдайын?» – деп жауап қатады.

Бұны естігенде, Дәуіт (а.с.) қасқырдың кейпін сырт-

тай қорашсынғанына өкініп, тәубе етті.

Өлім хабаршысы

Жақып пайғамбар (а.с.) Әзірейіл періштемен (а.с.)

дос еді. Бір күні Жақып пайғамбар Әзірейілге: «Әй, до-