Previous Page  13 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 208 Next Page
Page Background

13

Пайғамбарлар парасаты

Сырымды айтпас едім

Бір күні Яхия пайғамбар (а.с.) Ібіліспен кезігіп,

одан: «Ей, Ібіліс! Айтшы, дүниеде ең көп кімді жақсы

көресің, кімді жек көресің?» – деп сұрайды. Ібіліс оған:

«Ең көп жақсы көретінім – мұсылманның сараңы, ал ең

қатты жек көретінім – пасық бола тұра жомарт адам», –

деп жауап береді. Яхия (а.с.) «Бұның себебі не?» – деп

сұрағанда, шайтан: «Өйткені сараңның сараңдығының

өзі маған жеткілікті, ал пасық бола тұра жомартқа

келсек, Аллаһ оны сол жомарттығы үшін-ақ кешіруі

мүмкін», – деп түсіндіреді.

Сөйтеді де артынан шайтан: «Егер сен Яхия

болмағаныңда, бұл сырымды айтпас едім», – деп кетіп

қалады.

Сүлеймен пайғамбар

Әр пайғамбардың өзіне тән артықшылықтары

болғандығы белгілі. Сан алуан мүмкіндікке ие

пайғамбар ретінде Сүлейменді (а.с.) атауға болады.

Ол өз заманында пайғамбарлығымен қоса патша, он

сегіз мың ғаламмен тілдескен кемеңгер еді. Ұлы Аллаһ

оған құстың да, аңның да, жәндік біткеннің тілін түсіну

қабілетін дарытқан.

Бірде Сүлеймен (а.с.) қалың әскерін ертіп, Аллаһтың

әмірімен кезекті бір жорыққа шығады. Көп жүргеннен

кейін алдынан үлкен бір құмырсқа илеуі кездеседі. Осы

кезде құмырсқалардың басшысы: «Ау, құмырсқалар,

бірің қалмай тез илеулеріңе кіріңдер. Сүлеймен

патшаның әскері жазым етіп кетпесін», – дейді. Мұны

естіген жәндіктер біреуі қалмай әскер өтіп кеткенше

илеулеріне тығылып аман қалады. Сүлеймен пайғамбар