Previous Page  10 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 208 Next Page
Page Background

10

Тағылым таразысы

Нұх пайғамбардың қоштасуы

Жер бетіндегі тіршілігі тамамдалып, өзіне

бұйырылған дәм-тұздың таусылуға тақағанын сезген

Нұх пайғамбар (а.с.) ұрпағына ақыл айту арқылы адам-

зат өмірінің даңғыл жолында шатаспауын ескерткендей.

Бұл дүниемен қоштасарда екі ұлын шақырып, оларға:

«Сендерге екі нәрсені істеуді бұйырып, екі нәрседен

аулақ болуды өсиет етемін, – деді, – Тыйым салаты-

ным: Жаратушыдан басқаға табынбаңдар, әрі ешқашан

астамсымаңдар. Аманатпен тапсыратын екі нәрсемнің

біріншісі – «лә иләһа иллаллаһ» (Аллаһтан басқа тәңір

жоқ. Авт.) дегенді ауыздан тастамау, өйткені жеті қабат

көк пен жеті қат жерді, тұтас тіршілік иелерінің бәрінің

басынқосыптаразыныңбіртабағына, алжаңағықұдіретті

сөзді екінші табағына қойса, «лә иләһа иллаллаһ» деген

сөйлем ауыр салмақ басар еді.

Ұрпағыма ұлықтап тапсырар екінші өтінішім:

«Сүбханаллаһи уәл-хамду лиллаһи» (Ешбір кемістігі

жоқтығын айтып Аллаһты пәктеймін, әрі мақтау жау-

дырамын. Авт.) деп жүруді ұмытпаңдар. Бұл екеуі –

жанды-жансыз тіршілік иелерінің барлығының дұғасы.

Осы екі сөздің арқасында барлық тіршілік иелері

рызықтандырылуда».

Сен кімсің?

Ибраһим пайғамбардың (а.с.) құлшылық жасай-

тын өзіне тән жеке бөлмесі бар еді. Бұл мінәжат етіп,

Жаратушының құдіретіне мың мәрте шүкір етер жайлы

да тыныштық салтанат құрған орын болатын. Әлдебір

шаруа уақытында кілттеп кететін. Бір күні ішке кіргенде,

бөлме ортасында тұрған бөтен біреуді көреді. Босағасы

бекітулі шаңыраққа қалай кірді деген оймен таңырқап: