7
І Бөлім
ПАЙҒАМБАРЛАР ПАРАСАТЫ
Мәңгілік қарғыс
Хақ тағала шексіз құдіретімен Адамды жаратып,
мұнан соң періштелеріне: «Адамға сәжде етіңдер!» – деп
әмір етті. Барлық періштелер адам баласының кемел жа-
ратылыс екенін мойындап, бұл бұйрықты екі етпеді. Тек
Ібіліс қана бас тартты. Аллаһ тағала қаһарланып: «Ей,
Ібіліс! Менің бұйрығымды тыңдамайтын сен кімсің?!
Адамға неге сәжде жасамайсың?» – деді. Ол: «Мені от-
тан, оны топырақтан жараттың. Ендеше, мен, әлбетте,
одан артықпын», – деп қарсы жауап қатты. Өз қатесін
түсініп, тәубеге келудің орнына ішін өрт шалған Ібіліс:
«Мен одан артықпын. Мені оттан, оны балшықтан
жараттың», «Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын
ба?» – деп тәкаппарлығын байқатты, өйткені ол өзін ең
ардақты жаратылыспын деп санайтын.
Осылайша Ібіліс өз бағын өзі байлап, өз жолын өзі
кесті. Іле-шала Жаратушының қарғысына ұшырады.
Әй, Адам!
Адам ата (а.с.) жұмақтағы әрекетіне қынжылып,
тәубе етіп жалынғанда, Аллаһ тағала оны кешірді. Бұны
Жәбірейіл мен Микайыл періште:
– Әй, Адам! Саған қуанышты хабарымыз бар,
Аллаһ тағала тәубаңды қабыл алды, – деп жеткізді.
Періштелердің барлығы оны құттықтады.