3
Аңдатпа
Қазақ – ежелден даналыққа, шешендікке, әңгіме,
жыр-дастандарға жақын халық. Ауылына қонақ келсе
айтқан әңгімесіне ұйып, таңды таңға ұрып батырлық
дастандар мен ғашықтық жырларды жалықпай
тыңдайтындығы да соның айғағы. Ауыз әдебиеті бай,
қызыл тілдің қасиетін таныған жұртымыздың осы бір
қасиеті – оның ақынжанды, әңгімеге ұста ұлыс екендігін
дәлелдей түскендей. Ата-бабаларымыз – жүйелі жауапқа
тоқтай білген, сөз салмағын бағамдай білген, бір ауыз
тапқыр шешіммен жауласқан екі руды татуластырған,
бір ауыз сөзбен адасқан тентегін жөнге салған ел.
Ұтымдық пен даналыққа, шешендікке негізделген айтыс
өнері де күні бүгінге дейін өзінің ғажап болмысын жой-
май қазақтың сөзден түйін түйген дара тума екендігін
дәлелдеп, ел ішінде тәрбиелеу дәстүрін сақтаған.
«Ақылды қария – ағып жатқан дария» деп бір ауыл
елді дуалы ауызды бір төбе биге билетіп, мәнді ой мен
қисынды уәжге тоқтап, Төле, Әйтеке, Қазыбек сынды
дала даналарынан ғибрат көрген халқымыз даналыққа,
татымдыойментартымдыәңгіме-қиссаларға дегенқадір-
құрметін әлі күнге сақтап келеді. Тәуелсіз ел болғалы
бері рухани, танымдық, тәлімдік жәдігерлердің қайта
зерделеніп, қордасы молайып келе жатқаны шындық.
Кезінде Абай, Ыбырай, Ахмет сынды алыптар шетелдік
ақын-жазушылардың мысалдары мен шағын әңгімелерін
қазақ тіліне көптеп аудару арқылы халықтың сана-
сына сәуле құйып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесін