Previous Page  4 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 208 Next Page
Page Background

4

Тағылым таразысы

қалыптастыруда үлкен үлгі-өнеге ошағының кірпішін

қалаған болатын. Сол бір сара жол дамып, күні бүгінге

дейін әр түрлі жанрда көптеген аудармалар жарық көрді.

Ал мына көзі қарақты, көкірегі ояу оқырман қауымға

енді ғана жол тартып отырған еңбектің бірқатар өзіндік

ерекшелігі, бөлекше бет-бедері бар.

Біріншіден, бұл жай ғана аударма емес, кітап маз-

мұны терең дидактикалық әрі ойшылдық (пәлсапалық)

һәм тақуалық тәмсілдерге құрылған.

Екіншіден, жетпіс жылдық соцреалистік жаттанды

тәрбиешілдік пен жасанды көркемдікке құрылған дүние-

лерден жалыққан жаңа заманның рухани сұранысынан

туындауымен ерекшеленеді. Жай ғана кітапқұмарлық

емес, бүгінгі қоғамдық ахуалдағы шын мағынасындағы

сұраныстан пайда болған рухани серпілістің бастауы де-

сек те болғандай. Бұл ғибратты тәмсілдерді таңдауда,

аударып, құрастыру барысында шығарманың аты-

нан гөрі затына, сыртқы пішінінен гөрі ішкі мазмұн

байлығының тереңдігіне (идеясына) назар аударыл-

ды. Тілге оралымды, берер даналығы мол шағын

әңгімелердің халық танымында алар орны ерекше де-

сек, рухани құндылықтарымыздың қатарын толықтыру

ниетімен түрік тілінен аударылған жинақ Хақ тағала-

ның сүйікті құлдары пайғамбарлардан бастап, саңлақ

сахабалар мен бес күндік тіршілікте ешкімнің ала жібін

аттамай адал ғұмыр кешкен әулие, абыз, дана кісілердің

өмірлерін өнеге етіп, оқырманды адамгершілік пен

сүйіспеншілікке, имандылық пен адалдыққа, ізгілік пен

ізеттілікке, әділдік пен жанашырлыққа, парасаттылық

пен қанағатшылдыққа шақырады.