15
Пайғамбарлар парасаты
сым, бұл жолы менімен жүздесуге келдің бе, жоқ, жа-
нымды алуға келдің бе?» – деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.)
қал сұрау ниетімен келгенін білдіреді. Бұны естігенде
Жақып (а.с.): «Әй, Әзірейіл, саған мынадай өтінішім
бар, алда-жалда жанымды алуға келгендей болсаң,
алдын-ала ескерткеніңді қалар едім», – дейді. Әзірейіл:
«Әрине, о не дегенің?! Міндетті түрде саған екі, үш ха-
баршы жіберемін», – деп уәде береді.
Жақыппайғамбардыңөмірлікдәм-тұзытаусылғанда,
аяқ асты Әзірейіл періште пайда бола кетеді. Жақып
пайғамбар тағы да оның қандай мақсатпен келгенін
сұрайды. Әзірейіл (а.с.) аманат жанын алуға келгенін
білдіреді. Жақып пайғамбар (а.с.): «Әй, періштем, маған
алдын-ала хабар беретініңді айтпап па едің?!» – деген-
де, Әзірейіл періште: «Саған мен алдын-ала үш хабар-
шы жібердім. Әуелі шашың ағарды. Баяғы күш-қуатың
кеміп, сырқатың күшейді, денеңді тік ұстай алмай
еріксіз белің бүгілді. Әй, Жақып, бұлар менің барлық
адам баласына жіберетін алғашқы хабаршыларым», –
деп жауап берген екен.
Қызыр мен Мұса пайғамбардың
жолдастығы
Бірде Аллаһ тағала Мұса пайғамбарға (а.с.) екі
теңіздің қосылған жерінде ерекше білім қонған бір
құлының өмір сүретінін білдірді. Мұса пайғамбар (а.с.)
ол кісімен жүздескісі келетінін білдіргенде, «Дорбаңа
тұздалған балық сал да, терістікті бетке алып жүре бер.
Ұзақ жүргеннен кейін дорбаңдағы балыққа жан бітіп,
көзден ғайып болады. Сол жерге аялда. Екі теңіздің
қосылғанжері сол арада. Іздегеніңді солжерден табасың»
деген уахи түсті. Хазірет Мұса (а.с.) айтылғандарды