Previous Page  20 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 208 Next Page
Page Background

20

Тағылым таразысы

бір үй тұрғыза гөр! Мені Перғауыннан және оның ама-

лынан құтқар! Мені залымдардың тобырынан құтқара

гөр!»

1

Әбу Һұрайраның (р.а.) риуаятынша, Перғауын

Әсияны төрт қазыққа кергізіп, үстіне диірмен тасымен

бастырып, ыстық құмда жазалайтын. Салман Парсының

(р.а.) айтуынша, жәбірлеушілер кетісімен Аллаһтың

әмірімен періштелер қанаттарымен оған көлеңке түсіріп,

жаннаттағы үйін көрсетіп қуантатын.

Мен үшін не істедің?

Бірде Аллаһ тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса!

Мен үшін жасаған амалың бар ма?» – деп сұрайды.

Мұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза

ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау

айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», – деп

жауап берді. Бұны естігенде Аллаһ тағала: «Әй, Мұса!

Бұның бәрі өзің үшін: намаз – сенің жолкөрсетушің,

ораза – қалқаның, садақа – өзіңе көлеңке, сәждедегі

айтқан тәсбихтарың –жұмақта өзіңе саялы ағаш болады.

Кітабымды оқуың сәнді сарай мен хор қызына қолыңды

жеткізеді. Мені еске алуың өзіңе сәуле болып жарығын

төгеді. Ал сонда таза Мен үшін не істедің?»

Бұны естігенде, Мұса пайғамбар сасқалақтап:

«Уа, Аллаһ тағалам! Сен үшін жасалатын амал болса,

білдірші, мен соны жасайын?» – деп сұрайды. Сонда

Ұлы Жаратушы: «Әй, Мұса! Мен үшін біреуді өзіңе дос

тұтып, басқаны жек көре білдің бе?!» – деді.

Сонда барып Мұса пайғамбар (а.с.) Аллаһ тағала

жақсы көрген пендесін жақсы көріп, жек көрген

1

«Тахрим» сүресі, 11-аят