24
Тағылым таразысы
ары қарай қадам басады, жолдасы еріп отырады.
Біраз жүргеннен кейін алдарынан үлкен көл шығады.
Пайғамбар серігін қолынан жетектеп, өзеннің арғы
бетіне су үстімен жер басып жүргендей адымдап өте
шығады. Сосын тағы да:
– Осы мұғжизаны көрсеткен Аллаһтың аты-
мен сұраймын, нанды кім алды? – дейді. Жолдасы
әдеттегідей жарытып жауап бермейді. Екеуі ұзақ жерді
бағындырады. Алдарынан шөл дала кездеседі. Иса (а.с.)
сусыған құмды уыстап бір жерге жинап, көлемі біршама
үлкен бір төмпешік жасайды. Одан соң пайғамбар:
«Аллаһтың рұқсатымен алтын бол», – дегенде, жаңағы
үйінді әп-сәтте алтынға айналады. Иса (а.с.) серігіне
баяғы сұрақты тағы қояды. Серігі бастапқы жауабы-
нан танбайды. «Ендеше, – дейді Иса пайғамбар, – мына
алтынның үштен бірі менікі, үштен бірі сенікі, қалған
үштен бірі нанды алғандікі». Бұл жолы жолдасы беті
бүлк етпестен нанды өзі алғанын айтады. Ерткен
адамының арсыздығына қынжылған Иса (а.с.) дүниенің
құлы болған өтірікші жол серігін алтындардың жанына
тастап жеке кетіп қалады. Ұры болса ойланбастан оңай
олжаға мәз боп қала береді. Кенет алыстан екі адамның
қарасы көрінеді. Олар жақындап келіп төбе боп үйілген
алтынды көріп, иелене қалған арсыздан тартып алмақ
болады. Алтын иесі қарақшылардың әрқайсысына
алтынның үштен бірін беріп әйтеуір жанын алып
қалады. Бірігіп, алтынды қалаға апару жағын ойласты-
рып үшеуі бір шешімге келеді. Қарақшылардың біреуі
қаладан көлік пен азық-түлік әкелмек болып аттанады.
Алайда жолда арам бір ойдың жетегімен өзіне тиесілі
алтынды азырқанып, қалған екеуін өлтіріп байлығын
еселей түскісі келеді. Сол ниетпен әкелетін тамағына у