28
Тағылым таразысы
зікір ет!» – деп оятады. Ол көзін ашып: «Саған не ке-
рек?! Мен дүниені басыбүтін талақ еткен жанмын», –
дейді. Хазірет Иса (а.с.) бұны естігенде: «Әй, достым!
Онда ұйқыңды жалғастыра бер», – деген екен.
Махшар алаңы
Қиямет күні келіп ақырғы сағаттар соққан уақытта
Ұлы Жаратушының әмірімен күллі адамзат махшар
алаңына жиналады. Сол күнгі қиындықтарға шыдай
алмаған адамдар өздеріне шапағат жасай алатын ерекше
біреуді іздейді. Жиналып ақылдаса келе:
– Бәріміздің атамыз болған, Ұлы Аллаһ үрлеп жан
берген, періштелерге сәжде еткізген, жұмағына кіргізген
Адам атаға (а.с.) барайық, содан жәрдем тілейік, – дейді.
Сұрастыра келіп Адамның (а.с.) отырған жерін таба-
ды. Барып жағдайды баяндайды. Бірақ Адам ата (а.с.)
Аллаһтан өзінің де кешірім тілеуде екенін айтып: «Ең
дұрысы, сендер Нұхқа (а.с.) жолығыңдар», – дейді.
Адамдар терең шүкіршілігімен танылған Нұх
пайғамбарды тауып алып, демеу сұрайды. Бірақ Нұх
пайғамбар да көмектесе алмайтынын жеткізіп, оларды
Ибраһим пайғамбарға (а.с.) сілтейді.
Адамдар Аллаһтың досы болған Ибраһим
пайғамбарға мүшкіл халдерінен хабардар етеді. Бірақ
хазірет Ибраһим (а.с.) де өзінен қайран жоқтығын
түсіндіреді. «Мұсаға (а.с.) жолығып көріңдер», – деп,
оларды Мұса пайғамбарға жібереді.
Жұрт дегбірсізденіп Аллаһпен тілдесу бақытына
ие болған Мұса пайғамбарға жетеді. Бірақ хазірет
Мұса (а.с.) да алдыңғылардың жауабын қайталап,
халықты Құдайдың құдіретімен ерекше жаратылған,