Previous Page  25 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 208 Next Page
Page Background

25

Пайғамбарлар парасаты

қосуды жөн көреді. Мына жақта алтынды күзетіп қалған

екеу де нашар пиғылдарын жоспарлап, іске асырмаққа

келісіп алады. Мақсаттары ананың әкелген асын ішіп,

көлігін пайдаланбақ, өзін өлтіріп, алтынды үшке емес

екіге бөлмек. Көп ұзамай қалаға кеткен серіктері келді

де, сол жерде екі досының қолынан қаза тапты. Дүние

мен байлыққа тоймаған екі сорлы да марқұмның әкелген

асын қомағайлана ішіп, артынша уланып, жан тапсыр-

ды.

Біраздан соң еліне қайтып келе жатқан Иса (а.с.)

үш бірдей адамды жұтып тынған үйінді алтын мен үш

ашкөздің өлігін көрді. Тамағына кептелген өксіктен дау-

сы дірілдеп жанындағыларға:

– Міне, қу дүниеге құштар болған адамдардың

тағдыры. Мұндайдан сақ болыңдар. Түсінген адамға

бұдан артық қандай ғибрат керек?! – деді.

Кезінде патша едім

Иса пайғамбар (а.с.) бірде сапарда жүріп, жол

шетінен адамның қу бас сүйегін көреді. Аяғымен түртіп

«Қане, Құдайдың құдіретімен сөйле», – дейді. Сонда

әлгі қаңқаға тіл бітіп:

«Уа, рухуллаһ! Мен кезінде патша болған адам едім.

Бір күні тақтың үстінде, басымда тәжім, маңайымда

қорғаушы уәзірлерім, елдің бірқатар қадірлі кісілерімен

бірге салтанатым артып, ел жайын шешіп отырған

кезімде, аяқ астынан жан алғыш періште алдымнан

шыға келді. Сөйткенше болмай бүкіл денем суып, жа-

ным ұшып періштемен бірге кетті. Мен содан бері сонша

байлығым, билігім, жандайшаптарым, мені ғапылдыққа

салатын қауырт жұмысым болмай-ақ, уақытымды