Previous Page  26 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 208 Next Page
Page Background

26

Тағылым таразысы

жұтатын дүниемсіз-ақ қарапайым да, жалғыз өмір

сүргенім дұрыс еді деген өкініштемін», – дейді.

Иса пайғамбар (а.с.) өлгеннен соңғы орыны толмас

өкінішті меңзеп «бұл – имансыз адамдардың басына

келетін жағдай» деп түсіндірген.

Дүниеқоңыздық

Иса пайғамбар (а.с.) бірде қатты жауған жаңбырдың

астында қалып қояды. Дереу ықтайтын жер іздейді.

Алыстан күрке көрінген соң таяп барғанда, іште бір

әйелдің отырғанын көріп, ол үйге кірмегенді жөн санай-

ды. Төпелеп жауған жауынның астында сая іздеп, жол-

мен өрлегенде, алдынан бір үңгір кездеседі. Үңгірге бас

сұға бергенде, іште бір арыстанның жатқанын көреді.

Сол сәт пайғамбар арыстанның сауырынан сипап тұрып

дауыстап: «Уа, Раббым! Әрбір тіршілік иесіне жұп нәсіп

еттің, маған ғана жар нәсіп етпедің», – дейді мұңайып.

Осы кезде Аллаһ тағала оған: «Сенің жарың мәңгілік

жаннат мекенінде. Мен сені өз құдіретіммен жаратқан

хор қызымен үйлендіремін. Сөйтемін де «Тіршілігінде

дүниеге қызықпағандар, қайдасыңдар? Мәриямұлы

Исаның (а.с.) тойына келіңдер!» деп жар салдырамын»

деген уахи түседі.

Бұны естігенде Иса пайғамбар (а.с.): «Дүниеге табы-

нып кеткендердің ақыреттік жағдайы қандай өкінішті!

Дүние оларға қанша опасыздық жасаса да, бәрібір

соған құмартуын қоймайды. Бұндай дүниеқоңыздар

оңбай кетсін! Дүние оларды жақынынан айырып, басы-

на қанша қасірет үйіп-төгуде. Тіршілікті тек дүниемен

ғана шектеп, үнемі күнәдан бас алмағандардың жағдайы

қандай аянышты! Олар ертең ақыретте масқара бола-

тындар», – деп, кейбір пенделер үшін қынжылды.