29
Пайғамбарлар парасаты
мұғжизасымен өлілерді тірілтіп, науқастарды емдеген
Иса пайғамбарға (а.с.) жол көрсетеді.
Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілгелі тұрған қиын
шақтаИса пайғамбар да қол ұшын беруге дәрменсіз күйге
түседі. Бірақ ең дұрыс жолды нұсқап, Нәбилер сұлтаны
Мұхаммед Мұстафаға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бағыттайды.
Қаншама пайғамбарлардың алдынан қайтқан жұрт
соңғы үмітпен ақырғы елшіге жетеді.
– Уа, Аллаһтың ақырғы елшісі, – дейді сонда мах-
шар халқы, – сенің өткен-кеткен барлық қателіктеріңді
Жаратушы алдын-ала кешіргені мәлім, бізге дұға етші?
Мына жан төзгісіз азаптан Аллаһ бізді құтқарса екен!
Міне осы кезде адамзаттың ардақтысы хазірет
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
орнынан тұрып, Аршыға
қарай жүреді. Зор махаббатпен сәждеге барады.
Раббының барлық сипаттарын тізеді, Оған мадақ айтып,
үмбеті үшін кешірім тілеп, көп дұға етеді. Сонда Ұлы
Жаратушы оған:
– Ей, Мұхаммед, басыңды көтер. Бүгін сенің
қалауыңды орындаймын. Шапағат ет, шапағатың қабыл
болады, – дейді.
Осылайша сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
үмбетіне шапағат етеді.
Араққа жоламаңдар
Көне қауымдардың бірінде елден жырақта, өзімен-
өзі күн кешіп, тек құлшылықпен айналысатын бір кісі
бар еді. Оның тақуалығына мүмкіндігінше кесірлікпен
қараған бір әйел оған сырттай құмартып, бірде
қызметшісін жіберіп үйіне шақыртады. «Бір іске куәлік
еткенін қалаймыз» дегенді сылтау етеді. Әлгі кісі үйге
кіргенде, әйел есік-терезелердің бәрін тарс бекіттіріп,