30
Тағылым таразысы
оған: «Сені алдап шақырдым. Мақсатым, не менімен
зина жасайсың, не мына қызметші жас баланы өлтіресің,
не мына арақты ішесің. Егер ешқайсысына көнбесең,
саған жала жауып, елдің алдында масқара етемін», –
дейді. Тақуа жан осы үш талаптың бірін орындамайын-
ша, құтыла алмайтынына көз жеткізгенде, ең жеңілі осы
болар деп арақты таңдады. Алайда арақ ішіп, ақыл-естен
айырылғанда, арсыздықпен зинаға да барды, шімірікпей
баланы да өлтірді.
Мұхаммед пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы-
ны әңгімелеп: «Араққа жоламаңдар. Ішімдік –барлық
жамандықтың негізі. Аллаһ тағалаға ант етейін, адамның
жүрегінде ішімдікке құмарлық пен иман бірге тұрақтай
алмайды. Бірі екіншісін міндетті түрде ығыстырады», –
деп өсиет етті.
Қолы жабысып қалған ұры
Ертеде пайғамбарлардың біреуі қол жиып, соғысқа
сайланады. Айналасындағы мүминдерді жинап:
– Ертең жорыққа аттанамыз, егер араларыңда жаңа
үйленген, құрылыс бастап аяқтамаған, қорасында буаз
малы болғандар болса әскер құрамына алынбасын, –
дейді. Пайғамбардың атағандарынан тыс қалғандары
сақадай-сай боп сапқа тұрды. Ертеңінде бес қаруын
сайлап қалың қол жорыққа аттанды.
Қанмайдандашайқасболып,мүміндердұшпандарын
ойсыратып жеңеді. Жау қолындағы қала алынғаннан
кейін пайғамбар мен достары намазын оқыды. Аллаһқа
жеңіс нәсіп еткені үшін шүкір етті. Одан кейін соғыстан
түскен олжаны бір жерге жинап, өртеу үшін от қойды.
Бірақ неше жерден от қойса да, тұтанбай жанбай тұрып
алды. Осы кезде пайғамбар: