22
Тағылым таразысы
– менің анам. Мені өмірге әкеліп кішкентайымнан бар
ауыртпалығыма шыдап, мәпелеп өсірген қымбатты ше-
шем. Қартайған шағында мен де қолымнан келгенше
жақсы қарап, өзімнің парызымды өтеудемін, – дейді.
– Анаң саған бір нәрсе деп күбірледі ғой, не деді?
– дейді пайғамбар.
– А, әлгі үнемі аузынан тастамайтын дұғасын ай-
тасыз ба? Мен өзіне қызмет жасаған сайын разылық та-
нытып «Аллаһ тағала сені жұмақта Мұса пайғамбарға
қоңсы етсін» деуден жалықпайды. Ондай дәрежеге жете
алмасымды білсем де, көңілі үшін «Әмин» деп қоямын...
– дейді қасапшы күлімсіреп.
Осы кезде Мұса пайғамбар (а.с.):
– Саған үлкен сүйінші хабарым бар! Сол Мұса
пайғамбар менмін. Дұғамда Аллаһ тағала менің
жұмақтағы көршімнің өзің екенін білдірді. Қандай сау-
апты ісі барын көрейін деп іздеп келгенім де сондықтан
еді. Айтар ақылым, дәл осы қалпыңнан таймай, анаңның
ризашылығын ала бер, – деп, анасын құрметтеген,
кең жүректі қарапайым қасапшыны шексіз қуанышқа
бөледі.
Кедейлер
Мұса пайғамбар (а.с.) қолын жайып: «Уа, раббым!
Құлдарыңның арасындағы Сенің достарың кімдер,
маған білдірші?! Сен үшін оларды жақсы көргім келеді»,
– деп дұға еткенде: «Олар кедейлер, тіпті кедейлердің
барлығы» деген жауап естиді.
Адамдық қасиет
Иса пайғамбар (а.с.) бірде: – Ұйықтап жатқан
адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер?