

115
Тақуалық тәмсілдер
ұстаздық жасаған кісіге құрмет көрсетуді өзіме міндет
деп білемін», − деген екен.
Ұстазға құрмет
Бұқара ғалымдарының бірі медреседе сабақ беріп
отырып қайта-қайта орнынан тұрады. Себебін сұрағанда,
«Ашық тұрған есіктен ұстазымның ойнап жүрген бала-
сы әлсін-әлсін бой көрсетіп қала берді. Ұстазыма құрмет
ретінде әр көрінген сайын мен орнымнан тұрдым»,
– деп, ұстаздың жақындары мен бала-шағасын да
құрметтейтіндігін көрсеткен екен.
Шілде айындағы ораза
Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина
арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың
басында тынығуды жөн көрді.
Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға
қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе
шақырыңдар, астан ауыз тисін», – деді. Нөкерлер ескі
шапанын бүркеніп ұйықтап жатқан біреуді оятып ертіп
келді.
Хажжаж оған: – Кел, бірге тамақтанайық, – деді.
Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж
себебін сұрағанда, «Мені бұдан да артық дастархан
күтіп тұр», – деп жауап берді.
– Ол қандай дастархан? – дегенде, – Аллаһ тағалаға
қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын,
– деді.
Хажжаж: – Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп
ауыз бекітіп жүрсің? – деп таңырқағанда, ол:
– Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы
ыстықта шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берді.