IV Бөлім
АЯТ ТҮСУІНЕ СЕБЕП БОЛҒАН
ТҮРЛІ ОҚИҒАЛАР
Сүйіспеншілік
Хазірет Айша (р.а.) әңгімелеуде:
Бір кісі келіп: «Уа, Расулаллаһ, сізді бала-шағамнан
да артық жақсы көремін. Үйде отырған кезде есіме
түсіп кетсеңіз, бір сәт кідірместен өзіңізге тартамын.
Алайда ақыретте сіздің жаннатта пайғамбарлармен
бірге болатыныңызды ойласам, өз-өзімнен қамығамын.
Өйткені жаннатқа кірген күннің өзінде сізді көре алмай
қаламын-ау деп қорқамын», – деді.
Пайғамбарымыз оның бұл ақтарыла айтқан риясыз
сөзіне жауап қатпай, үнсіз қалады. Аз уақыт өткеннен
соң Жәбірейіл періште арқылы Жаратқаннан мынадай
аяттар түсті:
«Кімде-кім Аллаһқа және елшісіне мойынсұнса,
міне, солар Аллаһтың нығметтеріне ие болған нәбилер,
сыддықтар, шейіттер, салиқалы құлдармен бірге бола-
ды. Бұлар қандай ізгі жолдас еді!»
12
Тәубе
Әбу Һұрайра (р.а.) әңгімелеуде:
Бірде түнгі намазды Пайғамбарымызбен (с.а.с.)
бірге оқып жолда келе жатқанымда, алдымнан бір әйел
шықты. Мені тоқтатып: «Әй, Әбу Һұрайра, мен бір күнә
12
«Ниса» сүресі, 69-аят