Previous Page  47 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 96 Next Page
Page Background

кетуі айдан анық. Мұндай кісінің рұқсат етілмеген

қорық маңында малын жайып жүрген шопан

іспетті. Яғни кез-келген сәтте оның малы қорыққа

өтіп кетуі мүмкін. Барлық патшалардың тыйым

салған үкімдері болғаны сияқты Аллаһтың да

тыйым салған үкімдері бар. Ол – Аллаһтың харам

еткен істері. Денеде бір кесек ет бар, ол аман бол-

са дене де аман, ал сырқаттанса дене де сырқат.

Ол – жүрек».

Кісіге сөзімен де, ісімен де зиян тигізбейтін

мұсылман – шынайы мұсылман.

20. Денің сау, басың аман күндерде де үнемі үрей мен

үміт арасында жүр. Аллаһ тағала жайлы ойың

жақсы, ниетің шынайы, ізгі үмітпен дүние сал», –

депті. Міне, Имам Ағзам Әбу Ханифа ұлына осы-

ны өсиет еткен екен. Сәлімгерей баласымен болған

ұзақ та қызық әңгімесін аяқтады.

Алаулаған күн қып-қызыл боп Қызыл теңізге батты.

Мекке шамдарын жақты. Айнала нұр жамыла бастады.

Ақшам намазының азаны шақырылып қойған. Сәлімгерей

баласын ертіп бас мешітке асығып барады. Ғибадатта

өзіне, отбасына ғана емес, тәуелсіз отанына, халқына Жа-

ратушы иемізден тілек тілемек. Алла тағала тілегін ылай-

ым қабыл етсін!