Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
46
мен жасаған күнәмді арқалап барамын. Күнәмді
кешіре гөр. Күнәларды тек Сен кешіресің»
. Осы
ұлы истиғфарды түнде оқып жатқан пенде сол кеш-
те кенеттен дүниеден көз жұмса пейішке кіреді.
Сол сияқты таңертең оқып, күндіз қайтыс болса да
пейішке кіреді.
Әр күні Құран оқуды әдет ет, оқыған Құраныңның
13.
сауабын Пайғамбарымызға (с.ғ.с.), ата-анаңа,
ұстаздарың мен барша мұсылмандарға бағышта.
Дұшпаннан гөрі досыңнан сақтан. Өйткені, адам-
14.
дар арасында бұзықтық көбейген сәтте дұшпаның
досыңды пайдалануы мүмкін.
Сырыңды, дүниеңді, ұстанған жолың мен барар
15.
жеріңді құпия сақта.
Көршілік ақысына дұрыс қара және көршіңнен келер
16.
келеңсіздіктерге сабырлық таныт.
Әһли сунна уалжамағатжолына берік бол, адасқандар
17.
мен надандардың маңына жолама.
Барлық ісіңде ықыласты бол. Қандай жағдай болса да
18.
адал ризық табуға бар күш-жігеріңді сал.
500 хадис ішінен таңдап алған мына 5 хадиске амал
19.
ет:
•
Расында амалдар ниетке сай. Әр адамның ниетіне
қарай ісі болмақ...
•
Кісінің шынайы мұсылмандығы өзгенің ісіне
килікпеу.
•
Өзіңе тілегенді өзгеге де тілемейінше кәміл
иманға жетпейсің.
•
«Халал да, харам да ашық айтылған. Алай-
да олардың арасында күмәнді нәрселер де бар.
Көпшілік оны біле бермейді. Одан бойын аулақ
ұстаған пенде діні мен абыройын қорғайды.
Күмәнді істерден сақтанбаған кісі харамға өтіп