Previous Page  41 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 96 Next Page
Page Background

41

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

мәселе жайлы таласып қалғанда, әркім өз ой-пікірін ай-

татын, соңында бәрі Әбу Ханифа тұжырымын сұрағанда,

ол мәселенің анық жауабын беретін, кейде олар бір

мәселе төңірегінде үш күндей пікір алысатын еді. Мәселе

шешімін тапқаннан кейін барып, кітапқа түсіретін.

Имам Ағзам сексен үш мың мәселені хатқа түсіртті.

Оның отыз үш мыңы ғибадатты қамтыса, қалғаны

қоғамдық қарым-қатынастар туралы еді.

Үмәуйлер әкімшілігі мен Имам Ағзам арасындағы

келіспеушілік салдарынан, ол бірнеше жыл Басра, Мек-

кеде, Мәдина қалаларында тұрып, ол жердегі зиялы

қауыммен қарым-қатынаста болып, олардан ілім үйренді,

кейбір күрделі мәселелерді олармен ақылдаса отырып,

талқылады.

Кейін Аббас әулеті билікке келіп, халифа Мансур

Бағдатты жаңа халифаттың астанасына айналдыруды ба-

стады.ХалифаӘбуХанифаныКуфаданарнайышақыртып,

қаланы жоспарлау мен құрылысына қатыстырады. Әбу

Ханифа шаһар құрылысшыларын да басқарып, жемісті

еңбек еткен.

Сөйтіп Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Үмәуйлер за-

манында, 18 жылынАббасилер дәуірінде өткізді. Бұл екеуі

де Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың әулетін аса қош

көрмейтін. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұрпақтары үнемі

қуғынға ұшырады. Бұныңбастысебебі –биліктенайрылып

қалмау еді. Имам Ағзам қашан да пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

ұрпақтарының жанында болып, оларға қолдау көрсетіп

отырды. Бұл – әділеттілікті жақтау мен пайғамбарымызға

(с.ғ.с.) деген сүйіспеншіліктен туғанды.

ӘбуХанифа екі ерекшелігі үшінылғи да осы аталмыш

билік иелерінен қорлық көрді. Бірде үмәуйлердің кезінде

Ирақ әкімі Язид ибн Умар Әбу Ханифаның саидтерге

(пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)

ұрпақтары) жақтасқанын