Previous Page  38 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

38

Қайс әл-Әнбарий әл-Басри. Әкесі һузәйл кезінде Басраның

әкімі болған. Фиқһ ілімін имам Зуфар Әбу Ханифадан

үйренді. Ұстазы оны: «Қиясты (салыстыруды) ең жақсы

білетін шәкіртім – Зуфар»,–деп мақтайтын.

Әбу Омар (р.а.): «Зуфар ақылды, діндар, түсінігі

мол, тақуа, хадисте аса сенімді еді», – десе, Ибраһим ибн

Сүлеймен (р.а.): «Біз Зуфармен бірге отырсақ, арамыздан

ешкімнің дүниауи сөз сөйлеуге батылы жетпейтін, ал

біреу дүниауи сөз сөйлей қалса, ол кісі орнынан тұрып

кететін», – деп еске алады.

Әбу Ханифа дүниеден өткеннен кейін ұстазының

дәріс алқасын осы Имам Зуфар басқарған.

2.

Имам Әбу Юсуф (р.а.)

та Әбу Ханифаның ең озық

шәкіртінің бірі еді. Оның толық аты-жөні Әбу Юсуф ибн

Ибраһим ибн Хабиб ибн Саъд ибн Хәбта әл-Куфи, әл-

Ансари. Бастапқы ілімін ол Куфада Имам Ағзам мен Әбу

Ләйләдан алды. Сондай–ақ ол Малик ибн Әнас, Суфъ-

ян ибн Үәйнә, ибн Журәйж сияқты әйгілі ғұламалардан

дәрістерін тыңдады. Әбу Юсуф мүжтаһид дәрежесіне

жеткен білікті ғалым атанған.

Әбу Юсуф (р.а.) Әбу Ханифамен (р.а.) 17 жыл бірге

болып, ұстазынан бір сәт ажырамаған. Имам Ағзамның

(р.а.) дәрістерін ешқашан жібермеген. Тіпті бір перзенті

шетінегенде жерлеу рәсіміне көршілері мен жақындарын

жіберіп, өзі сабаққа келген екен.

Дәуд ибн Рушайд (р.а.) ол туралы: «Егер имам Әбу

Ханифа (р.а.) Әбу Юсуфтан басқа шәкірт оқытпағанның

өзінде, Әбу Юсуфтің (р.а.) жалғыз өзі ғана Әбу Ханифаға

(р.а.) «шәкіртім» деп мақтану үшін жеткілікті еді», – де-

ген. Ал, Һиләл ибн Яхъя: «Әбу Юсуф (р.а.) тәпсір, ислам

тарихы, исламға қатысты түрлі оқиғаларды (шайқастар,

аяттардың түсу себептері) жатқа білетін. Шарғи

мәселелерге білгір еді», – дейді.