33
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Әбу Ханифа қырық жасынан бастап ұстаздық етті.
Ол мұхиттай терең білімі мен даналығы, шешендігі мен
сабақ беру әдісінің тартымдылығымен жас шәкірттер мен
ғалымдарды да еріксіз баурап алатын. Мекке мен Мәдина
қалаларында болған кезде, орталық мешіттерде дәрісхана
ашып, түрлі тақырыптарда сабақ берді.
Сондай-ақ, Әбу Ханифа сол заманның білім ошағы
саналған Мекке, Мәдина, Басра сияқты қалаларға са-
пар шегіп, онда көптеген дін ғұламаларымен кездесіп,
олардың дәрістерін тыңдап, сабақ беру әдістерін үйреніп,
тәжірибе алмасатын. Меккедегі атақты ғалым Ата ибн
Әбу Рабах пен Мәдина имамы Малик ибн Әнаспен жиі
кездесіп тұрды.
Имам Ағзам бір мәселенің шешімін айтып, сосын
үйіне келіп, берілген пәтуаның ақиқатын айқындау үшін
түні бойы Құран оқып хадистерді қайта қарап, дұрыс-
бұрыстығын тексеретін. Берген үкімінде жаңсақтық кетсе,
іле-шала ол туралышәкірттеріне айтып, дұрыстап қоятын.
Әбу Ханифа ақиқат пен шындықты берік ұстанды. Оның
дәрісханасы «нағыз ақиқаттың ордасы» еді.
Бірде бір кісі келіп оған: «Мына бір мешітте фиқһ
ілімін үйренеміз деп біраз адамдар жиналып жүр» –
дейді. Сонда Имам Ағзам: «Олардың арасында білімді
жетекшісі бар ма?», –деп сұрайды. Әлгі кісі «Жоқ», –деп
жауап береді. Сонда Әбу Ханифа (р.а.): «Олай болса олар
ешқашан фиқһ ілімін үйрене алмайды немесе қателеседі,
бірақ қателіктерін өздері білмейді. Сөйтіп өз ойларын
дұрыс санап, шындыққа қарсы шығады»,–деген екен [2,
38].