35
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
мен ақылына сүйеніп шешуге толық құқылы мүжтаһид
ғұлама еді.
Әбу Ханифа және шариғат заңы
Әбу Ханифа Құран Кәрім мен пайғамбар сүннетінен
кейін қияс (салыстыру тәсілі) және райды (негізгі
дәлелдерді басшылыққа ала отырып ақылға жүгіну
тәсілі) үкім шығаруда негізгі өлшемдердің бірі ретінде
қолданған. Ғұламаның бұл ижтиһад ету тәсілін жете
түсінбеген кейбір ғалымдар оны тұрпайы деп санады.
Сондай-ақ, Әбу Ханифа Исламның көрнекті мүжтаһид
ғалымы бола тұра үкім шығуда «Истихсан» және «урфты»
(әдеп-ғұрыптарды) дәлел ретінде қолданысқа түсіруі
ғалымдардың таңданыстарын мұнан да күшейте түсті.
Әбу Ханифа ешбір өлшемді Құран мен пайғамбар
сүннетінен жоғары қоймаған. Ол өзіне пікірі қайшы
ғалымдарға:Кімде-кімбіздіҚұранменсүннеттәлімдерінен
қиясты жоғары қояды деп айыптаса, Алланың атымен ант
етемін, ол өтірікші әрі жала жабушы. Құран мен хадис
тұрған жерде қай ғалым қиясқа жүгінбек?! Біз қиясқа салу
тәсілін өте қажет жағдайда ғана қолданамыз. Бір мәселені
анықтауда Құран мен хадистен дәлел табылмағанда ғана,
аталмыш мәселені дәлелі бар мәселемен салыстыра от-
ырып шешеміз. Біз алдымен дәлелді Құраннан, сосын
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен іздейміз. Олардан
таба алмаған жағдайда сахабалар сөзіне тоқталамыз. Бұл
сұрақты сахабалар да талқыламаған болса, онда мәселені
айқындау мақсатында екі мәселенің ортақ жерін тауып,
бір үкімді келесі бір мәселеге салыстыра отырып, үкім
шығарамыз, – деп жауап берген.
Әбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін ислам
ғұламалары және олардың көшбасшысы Имам Шафиғи
қиясты Имам Ағзам пікірі негізінде дамыта отырып, оған: