Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
30
деп тілейтінбіз. Ал сендер бір-біріңнің беттеріңнен алып,
қарсыластарыңның қателесіп, тура жолдан адасқанын
қалап тұрасыңдар. Есіңде болсын, кімде-кім бәсекелесінің
қателесіп, тура жолдан адасқанын қаласа, ол оның діннен
шығуын қалағанымен бірдей. Ал серігінің дінсіздігін
қалаған адам, сол арам ниеті үшін, әуелі өзі дінсіздер
қатарына қосылады»,–деген екен [2, 32].
Бірде Әбу Ханифа ұстазы Хаммад ибн Сүлейменнің
дәрісханасында отырғанда бір әйел келіп, одан: «Пәленше
өзінің күңін шариғатқа сәйкес талақ етпекші, оның
жолы қалай?», –деп сұрайды. Сонда ол: «Бұл мәселені
анау ұстазымыздан сұрап көр, жауабын маған келіп
айтарсың»,–дейді.
Әйел Хаммад ибн Сүлейменге барып, сұрағына жау-
ап алады да, қайтып оралып: «Мұның жауабы былай екен:
Ислам некелі ерлі-зайыптыларды бір шаңырақ астында
тату өмір сүруге бұйырады. Дегенмен, олардың отбасылық
өмірі жараспай, ажырасуды қаласа, ері әйелін талақ етеді.
Ол үшін күйеуі әйелімен жақындасуды тоқтатып, оны үш
рет қатарынан келген әр етеккірінен тазарысымен бір рет-
тен талақ айтады. Осымен ерлі–зайыптылардың некелік
байланысы біржола тыйылып, әйел басқа еркекке күйеуге
шығуға құқылы болады екен»,–деп мәселенің түпкілікті
шешімін баяндап береді [1, 10].
Мұны естіген Әбу Ханифа: «Ақида ілімін ерінбей
оқыдым, зерттедім, бірақ қарапайым халықтың күнделікті
өмірінде, өзара қарым-қатынастарында жиі ұшырасатын
басқа да сан алуан түйткілді мәселелеріне нақты шешім
іздейтін, әрі аса байыптылықты қажет ететін фиқһ іліміне
аса көңіл бөлмеген екенмін»,–деп отырған орнынан тұрып
Хаммадтың фиқһ ғылымының дәрісханасына беттейді.