27
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Осы кезде Әбу Ханифа кіріп келеді. Дінсіз оған: «Сен
бізді күттіріп қойдың, сенімен айтыспаймын»,–дейді. Ол:
«Асықпаңыз, әуелі не үшін кешіккенімді айтайын. Бүгін
бір ғажайып оқиғаның куәсі болдым. Үйіміз өзеннің арғы
жағында еді. Салға отырып, бері өтпекші болып едім
кенет жел соғып, салды бұзып, ағаштарын жан-жаққа
ұшырды. Не істерімді білмей тұрғанымда, бір толқын
салдың бөренелерін бір жерге жинады, ол қайта сал бол-
ды, оған мініп, осында келдім. Кеш қалғанымның себебі
осында. Сол үшін кешірім сұраймын»,–дейді.
Бұл жауапқа қарқылдап күле бастаған дінсіз:
– Ей, халайық! Ғалымыңыздың айтқан сөзі қисынға
келе ме?! Бұл қып-қызыл өтірік қой,–дейді. Сонда Әбу
Ханифа шындыққа көшіп:
– Шынында, ақылсыз сенсің. Екі ағаштың бір жерге
жиналатынына сенбей тұрып, ұшы-қиырсыз, алды-арты
жоқ әлемді қалайша өзінен өзі бар болады дейсің?–дейді.
Әбу Ханифаның тапқырлығына таңғалған дінсіз:
«Мені байқатпай ұстадың, ондай болса көрсетші сол Ал-
ланы маған, мен де сенейін»,–дейді. Сонда Әбу Ханифа
бір шыны сүт алдырып, дінсізден сұрайды:
– Май мен ірімшік қайдан шығады?
– Әрине, сүттен!
– Ендеше, сүт ішіндегі май мен ірімшікті көрсетші?
Дінсіз шарасыз қалып:
– Әрине сүт ішінде май мен ірімшік бар. Бірақ олар
көзге көрінбейді,–дейді. Әбу Ханифа:
– Өзің шыны ішіндегі сүтте май мен ірімшік бар
екенін біле тұрып, оны көрсете алмай тұрып мына үлкен
әлемді жаратқан Алланы қайта-қайта көрсет дейсің. Бұл
мүмкін бе? Сүт ішінде қалай май болса, Алла да бұл
әлемде осылайша бар, бірақ көрсетуге келмейді,–дейді.