Previous Page  23 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 96 Next Page
Page Background

23

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

– Бағасы жүз дирһам,–деп бастайды. Әбу Ханифа

оған:

– Асықпаңыз! Бұның бағасы қымбат. Сіз аз сұрап

тұрсыз,–дейді.

– Маған жүз де жетеді,–дейді әйел.

– Жүз дирһам аз, көбірек сұраңыз,–дейді имам оған.

– Сіз мені мазақ етіп тұрсыз ба? Ал, онда екі жүзге

алыңыз – дейді әйел ренжіп.

– Жоқ, мазақ еткені несі. Сіздің ақ көңілдігіңізді

пайдаланып, көйлектің өз бағасынан арзанға сатып ала-

тын болсам, ақыретте Аллаға не деп жауап беремін.

Сенбесеңіз, білетін біреуді шақырып бағасын сұраңыз, –

дейді Әбу Ханифа.

Әйел жөн білетін біреуді шақырып, көйлектің қанша

тұратынын сұрайды. Олар көйлектің «бес жүз дирһам

тұратынын» айтады. Сөйтіп, Әбу Ханифа көйлекті бес

жүзге сатып алатын болады. Ақшасын санап жатқанда,

әйелдің көзінен жас шығып, имамға: «Сіз маған көп

көмектестіңіз. Бұл менің үйлену тойында киген көйлегім

еді. Қазір қаражаттан қысылып жүрміз. Бала-шағам екі

күннен бері ыстық тамақ ішкен жоқ. Сататын артық

нәрсеміз де қалмады. Лажсыз көйлегімді сатуға тура

келді. Бұл ақша мүшкіл халімізді біраз жеңілдететін бол-

ды. Сізге рахмет, өміріңіз ұзақ болғай»,–деп ризашылық

білдіреді. Әйел мұңын түсінген Әбу Ханифа бес жүз

дирһамның үстіне, сатып алған көйлекті де оған тарту

етеді [4, 21; 3, 222].

Бұл хикая кәсіпкерлікпен айналысып жүрген

бауырларымызға

ғибрат

болса

деп

ойлаймыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да:

«Өтірік сөйлеген, біреуді

алдаған адам бізден емес»

,–деп қатаң ескерткен.

Әбу Ханифа егер бір нәрсеге шүбәланса, затта-

рын дереу садақаға таратып жіберетін. Бірде саудадағы