Previous Page  21 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 96 Next Page
Page Background

21

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Қази Шурак (р.а.): «Әбу Ханифа (р.а.) фиқһты терең

меңгерген, әр ісі көңілге қонымды, шәкірттерге білім

беруде аса шыдамды, шәкірт білім алып болғанша оған

жан–жақты көмек көрсететін адам еді. Шәкірті оқуды

бітірсе, оған: «Сен енді халал мен харамды, дұрыс пен

бұрысты ажырата алатын, таусылмас үлкен байлыққа

жеттің»,–дейтін. Ұстаздары мен құрметті адамдар алдын-

да көп сөйлемейтін»,–дейді.

Бірде халифа түсінде Әзірейілді көреді. Одан: «Менің

қанша өмірім қалды»,–деп сұрайды ол. Періште алақанын

ашып, бес саусағын көрсетеді. Халифа содан қорқып

оянады. Әбу Ханифаны шақыртып, одан түсін жоруды

сұрайды. Имам Ағзам оған: «Бес саусақ – Алладан басқа

ешкім білмейтін бес ғайып нәрсе : 1) қияметтің қашан

болатыны, 2) жауын, дауыл, сел, жел сияқты табиғат

құбылыстарының сыры, 3) туылатын нәрестенің дүниеде

бақытты немесе бақытсыз, кедей немесе бай болуы, 4)

ертең қандай күн туатыны. Қасиетті Құранның ғайыпқа

жататын бес нәрсесі «Лұқман» сүресінің соңғы аятын-

да айтылған 5 ғайыптың төртіншісі жайлы онда «Ешкім

ертең не істеп, не табатынын білмейді (күнә мә, сауап

па?)» делінеді. 5) адам баласының қашан және қай жер-

де өлетінін яғни барлығы құдіретті бір Алла ғана білетін

нәрселер»,–деп халифаны тыныштандырған екен [1, 45].

Имам Зуфар (р.а.): «Мен Әбу Ханифамен (р.а.) жи-

ырма жылдай бірге болдым. Өмірімде ол кісіден артық

мейірімді, жомарт кісіні көрмедім. Құдай үшін өзін

аямайтын, күні бойы біліммен шұғылданып, тағлым

беретін, түрлі мәселелелерді талқылап жауабын айтатын,

ғылыми мәжілістерден қолы босасымен сырқаттардың

көңілін сұрауға баратын, жаназаға қатысатын неме-

се бір бейшараның қажеті үшін уақытын жұмсайтын

немесе достарының хал-жағдайын білетін. Ал, түнді