

19
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Ия, ол жайлы пікір білдірген замандастары мен оны
өзінеұстаз санағаннемесеғалым, білімгеқолсозғандардың
барлығы да Әбу Ханифаның өз заманының озық ғалым
болғандығын мойындайды.
Әбу Жағфар ар-Рази (р.а.): «Мен Әбу Ханифадан
артық ғалым әрі тақуа адамды кезіктірмедім»,– десе,
Жағфар ибн Раийғ (р.а.): «Мен Әбу Ханифамен бес жыл
бірге тұрдым. Одан аз сөзді жанды көрмедім. Ал одан
бір-ақ нәрсе жайлы сұраса, ол ашылып, сел тәрізді ағылар
еді»,–деп еске алады.
Ал, Йазид (р.а.): «Тақуалық пен ақыл-парасаттылықта
Әбу Ханифаға (р.а) тең келетін адамды көрмедім»,–десе,
Әбу Асим Нубәйл (р.а.): «Әбу Ханифа (р.а.) намазды
қадалып көп оқығандығы үшін, көпшілік оны «қазық»
деп атап кеткен", - дейді.
Уакиъ (р.а.): «Әбу Ханифа (р.а.) аманатқа өте адал,
аса ұлық Алла тағаланың есімін жүрегінің түкпірінде
сақтайтын. Сондықтан да ол кез-келген жағдайда Алла
разылығын бірінші орынға қоятын. Алла тағала үшін
қылыш азабын көруге де дайын еді»,–дейді.
Мәккий (р.а.): «Куфалықтармен бірге болдым, ара-
ларынан Әбу Ханифадан (р.а.) өткен тақуаны көрмедім»,–
деп еске алады.
Яхья әл–Қатъан (р.а.) Әбу Ханифаның (р.а.) жүзіне
қарап, Алланың шынайы пендесі екенін байқадым»,–десе,
Абдулла ибн Мүбарак (р.а.) Суфъян Сауриға (р.а.): «Ей,
Әбу Абдулла, Әбу Ханифаның ғайбат айтуына қандай
іс тосқауыл болды екен, бір рет те ғайбат айтқанын
көрмедім»,–деді.
Сонда Суфъян (р.а.): «Әбу Ханифа (р.а.) дана кісі,
өзінің жақсы амалдарын жоятын іс-әрекетті ешқашан
жасамайтын»,–деген екен.