Previous Page  16 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

16

етіп, 87 жасында дүниеден өткен. Оның қайтыс болғанын

естіген Хасан әл-Басри: «Шағби Исламда өзінің ерекше

орны бар нар тұлғалы адам еді. Алла тағала оны өз

мейіріміне бөлесін»,–деп дұға еткен.

Әбу Ханифа өмірінде төрт сахабамен кездескен.

Олар: Әнас ибн Малик, Абдулла ибн Әбу Ауфә, Сәһл ибн

Саъд және Әбу Туфайл. Сахабаны көрген адам “табиғин”

деп аталады. Дегенмен, «табиғин» сөзінің анықтамасы

жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісінде: «табиғин

– сахабаның көзін көрген адам», – делінсе, ал екіншісі:

«табиғин – сахабаны көріп, одан білім үйренген адам», –

деген пікірді алға тартады.

Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтың (р.а.) қолында

жүйелі түрде 18 жыл оқыған. Ұстазы дүниеден өткенге

дейін, одан ажырамаған. Өйткені, ол ұстазын жақсы көріп,

оның асыл қасиеттерін, даналығын, парасаттылығын,

тақуалығын, әсіресе кеңпейілділігі мен жомарттылығын

өзіне үлгі тұтқан.

Хаммад бай болғанымен, мал-мүлкін туған-

туысқандарына, жетім-жесірлерге және шәкірттеріне

жұмсайды екен. Бұл жайлы:

«Хаммад ғұламалар ішінде

ең жомарты еді, жылда келетін қасиетті рамазан

айында күнде 500 адамға ауызашар беретін, жағдайы

нашар шәкірттеріне ақшалай көмектесіп тұратын

еді»

,–деп риуаят етіледі.

Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) дүние салғаннан соң,

оның ісі баласы Исмаилға тиді. Жұрт та оның бойынан

әкесінің ілімі мен асыл бейнесін көргісі келді. Өкінішке

орай, Исмаил бірақ халық көңілінен шыға алмады. Сол

себепті ұстазының оқу-ағартушылық істерін әрі қарай

жандандырып, дамытуды шәкірті Әбу Ханифа мойнына

алды. Халықтың қалағаны да сол болатын. Ол кезде оның

жасы қырықта еді.