17
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
Әбу Ханифаның есімі мен білімі кеңінен тарай
бастайды. Оған жер-жерлерден білім алу мақсатымен
мыңдаған талабалар келіп жатты. Оның дәрісханасы
Куфадағы ең үлкен, әрі берекелі білім ошағына айналды.
Шәкірттердің ғылыми сұхбаттары мен қуанышты үндері
мешіт сыртынан да естіліп тұратын.
Әбу Ханифа ақылды, өткір, парасатты кемел ой иесі
еді. Осы ерекшелігімен ол тез арада өз дәуірінің ең ұлы
ғалымдарының біріне айналды. Ол– ислам фиқһының
үлкен мүжтаһид ғалымы болды. Құран кәрім және
сүннеттен басқа нақты дәлел ретінде ол сахабалардың,
табиғиндердіңалқалыпікірін, сондай-аққияс (салыстыру),
истихсан (дұрыс санау, жақсы деп білу) және ғұрып-
дәстүр сияқты фиқһ қағидаларын пайдалана отырып,
шариғат шеңберінде үкімдер шығара білді.
ӘбуЮсуф (р.а.) ұстазын: «Бет пішіні және дене бітімі
жөнінен ол әдемі еді. Сөзге өте шешен, дәлел келтіруге
өте ұста, тілі жұмсақ болатын. Дәрісіне қатысқан кез-
келген адам оның ілім үйрету әдісінен ләззат алатын.
Ол шәкірттерінің шариғат мәселелерін терең түсінетін
ғалым болуларына көп көңіл бөлді. Оларға жұмсаған
күш-қайраты соншалық, ол кісіден дәріс алған кез-келген
адамның әйгілі ғалым болуы оңай еді»,–деп еске алады.
Имам Ағзам түні бойы ғибадат етіп, күндіз ораза
тұтатын, тілін жалған сөзден сақтап, тәнін пәк ұстайтын,
жағымсыз іс-әрекет пен ойын-сауықтан аулақ жүретін,
Алла тағаланың разылығын табуды өзіне парыз санайтын.
Имам Ағзамның имандылығы мен тақуалығы, білімділігі
мен парасаттылығы туралы Имам Шафиғи (р.а.):
«Адам-
дар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-
кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға
бойламағаны және фиқһ ғалымы болмағаны»,
–дейді.