13
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа
аттары аталмайды. Олар хазірет, ұстаз сияқты құрметті
сөздермен тілге алынады.
«Әбу Ханифа» (Ханифаның әкесі) оның шын есімі
емес, өйткені, оның Ханифа атты перзенті болмаған.
(Имам Ағзамның Хаммад есімді жалғыз ұлы болған.
Хаммадтан екі ұл қалады, біреуінің есімі – Омар, ал
екіншісі – Исмаил). Ғалымдардың айтуынша, «ханифа»
— мазһабтың сипаты болып, ол «хақ, тура жол» деген
мағынаны білдіреді. «Әбу» сөзінің түп мағынасы «әке»
болғанымен, сонымен қатар оның «иесі, өкілі, басшысы,
жетекшісі» деген баламалары да бар. Сонда, «Әбу Хани-
фа» деген сөздің мағынасы «хақ жолдың бастаушысы,
тура жолдың жетекшісі» дегенге саяды.
Әу бастан адамзатқа түсірілген, адам табиғатына ең
лайық, нағыз тәухид дін – ол ханиф дін. Құранда Алла
тағала:
«Ендеше, (Ей, Мұхаммед) бетіңді ханиф (тура,
шынайы) дінге бұр. Адамдарды Алла әу баста сол дін
үшін жаратқан. Құдай жаратқанды өзгерту мүмкін
емес. Сенің дінің хақ дін, тек көп адам соны білмейді»
,–
дейді («Рум» сүресі, 30–аят).
Ханиф сөзі «ислам» ұғымында да қолданылады. Са-
хабалар: «Алла қандай дінді қабыл етеді?»,–деп сұрағанда,
пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ханиф (Ислам) дінін»,–деп жау-
ап берген. Басқа бір хадисте: «Алла барлық пенделерін
ханиф (дінге, таухидке бейім) етіп жаратты»,–делінген.
Құран Кәрімде Алла тағала:
«Ибраһим яһуди де,
христиан да болған емес, ол ханиф (нағыз) мұсылман
болған. Көп құдайшылдар қатарында да болмаған»,–
деген («Әли Ғимран» сүресі, 67–аят). Ия барлық әлемдік
дәстүрлі діндер ханиф – тұп-тура дін болған. Бұл дін –
адам табиғатына жеңіл келіп, жүрекке жылы тиген, жа-
нын рахатқа бөлеп, бейбітшілік бесігінде тербеткен
кеңпейілділік діні. Имам Ағзамның көзқарастары басқа