Previous Page  10 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

10

Масъуд және басқа да сахабалардан (р.а.) дәріс тыңдаған

әрі хадис риуаят еткен сахаба. Абдулла ибн Масъуд (р.а.)

:

«Менің білімім Әлқаманың білімінен артық емес»

, –

деген екен..

Абдулла ибн Масъуд (р.а.) дүние салғаннан кейін,

Әлқама ұстаз болып қалды. Бұдан кейін білім ордасын

«Фақиһ әл-Ирақи», яғни «Ирақтың шариғат ілімінің

маманы» деген атаққа ие болған Ибраһим ән-Наһаъи

басқарды. Ол кісіден кейін Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.)

Куфаның үлкен ұстазы саналды. Одан соң бұл орынды

имамдар сарбазы

Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит

(р.а.) иеленді.

ИмамАғзамнан(р.а.)кейінбұлжолдыоныңшәкірттері

– ұстаз Әбу Юсуф пен имам Мұхаммед ұстанды. Олар

ұстазының шығарған пәтуаларын хатқа түсіріп, халыққа

насихаттаған. Осы кісілер арқылы Ханафи мазһабы жер

жүзіне тарады әрі фиқһ саласы кемеліне жете дамыды.

Әбу Ханифа. Ғибратты өмір өрнектері

Имам Ағзамның ата-бабалары Әмудария өзені

жағалауындағы Тирмиз бен Хорасанда ертеректе болған

Наса қалаларында өмір сүрген. Олар парсы әулетінен еді.

Әйтсе де, кейбір деректерде оның түркі текті екені жайлы

да айтылады. Ұлық төрт халифа кезінде Ислам діні парсы

елдеріне тарай бастады. Исламға қарсы шығып, тұтқынға

алынған дінсіздер ішінде Әбу Ханифаның бабасы да

болған деседі. Кейінірек ол Исламның шынайы дін екенін

түсініп, мұсылман болады. Сол себепті ол тұтқыннан бо-

сатылып, үйіне жіберіледі.

Отбасына аман-есен оралған бабасы Ислам-

ды тереңінен түсініп, балаларын да Исламға сәйкес

тәрбиелейді, болашақтағы ұрпағының барлығыИсламның

ақ жолында дүниеге келулерін тілейді.