Previous Page  14 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 96 Next Page
Page Background

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

14

ғалымдарға қарағанда кеңпейілділік пен жеңілдік рухына

сай келгендіктен, жұрт оны Әбу Ханифа деп атаған.

Ғасырының танымал, беделді, ірі ғалымы

болғандықтан халық оны Имам Ағзам деп те атайтын.

Бізде имам деп мешіт қызметкерін түсінеді. Бірақ, бағзы

заманда имам деп аса білімді әрі тақуа кісілер айтыла-

тын. «Имам» – «жетекші, басшы, ұстаз, данышпан» деген

мағыналарды да береді. Ал, «Ағзам» сөзінің «айбынды, ең

зор, ең үлкен, ұлық, теңдесі жоқ» деген мағыналары бар.

Шынында да, Имам Ағзам мұсылмандардың жетекшісі,

ғалымдардың басшысы, білім мен тақуалықта теңдесі жоқ

данышпан, айбынды әрі ұлық ұстаз еді.

Абдулла ибн Мүбарәк (р.а.): «Имам деген атқа Әбу

Ханифадан артық лайық кісі жоқ. Өйткені, ол өте тақуа

ғалым еді, фиқһ ілімі жолында басқалар ол кісі секілді

еңбек ете алмады. Ол асылдығы, көрегендігі, қабілеттілігі,

парасаттылығы арқасында оған жол салды»,–деп еске

алады.

Ислам діні тарих сахнасына көтерілгеннен кейінКуфа

Ислам нұрына малынып, онда өнер, ғылым мен мәдениет

дами түсті. Әсіресе, соңғы халифа Әли ибн Әбу Талибтің

(р.а.) тұсында мұнда атақты ғұламалардың дәрісханалары

көбейіп, бұл жерге әлемнің түкпір-түкпірінен ілім алу

мақсатымен мыңдаған шәкірттер ағылып келе бастады.

Әбу Ханифа да осындай ортада дүниеге келіп, онда

өнегелі өмірі басталды. Ол жастайынан Құран, хадис,

араб тілі мен әдебиетіне көңіл қойып, азды-көпті дәріс

алды. Дегенмен, біржола ілім қуып кетпеген де еді.

Әкесі саудагер–тін. Олардың жеке дүкендері болды.

Онда олар жібек мата саудасымен айналысатын. Әбу Ха-

нифа әуелде мешітке тек күнделікті бес уақыт намаз оқу

үшін ғана барып тұрды.