Previous Page  15 / 96 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 96 Next Page
Page Background

15

Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа

Бірде ол сол дәуірдің атақты ғалымы Шағбиге (р.а.)

кездесіп қалады. Шағби одан: «Қайда барасың, інім?» –

деп сұрайды. Ол заманда адамдар тек ілімді ойлап, та-

быс табу, бала-шаға бағу, үйлі-жайлы болу секілді дүние

тіршіліктерін екінші орынға қоятын. Сұрақ төркінін

түсінген Әбу Ханифа дәрісханаларға барып, жүйелі сабақ

алыпжүрмегендігінен, «Базарға», – деп, ұялажауап береді.

Өйткені, осы уақытқа дейін оның мақсаты да, кәсібі де

сауда болып келген-ді, ал сабаққа деген қызығушылығы

шамалы еді.

Әбу Ханифаның бойындағы асыл қасиеттерді, оның

ақылдылығын, зеректігін, шешендігін және ойының

ояулылығын байқаған Шағби (р.а.) бұл жігіттің былай

жүргеніне іштей қынжылады. Әбу Ханифаның болашақта

үлкен ғалым болатынын іштей сезген Шағби (р.а.) оған:

«Уақытыңды бос өткізбей, ғалымдардың дәрісханаларына

қатысып, сабақ оқы»,–деп ақылын айтады. Шынайы сөз

Әбу Ханифаның жүрегіне жетеді. Сол күннен бастап ол

барлық уақыты мен күш-жігерін ғылым-білімге салады.

Ол кезде Әбу Ханифа жиырма екіде ғана еді [4, 15].

Ол жылдары Куфадағы оқу-ағарту істеріне Хаммад

ибн Сүлеймен (р.а.) жетекшілік ететін. Әбу Ханифа хадис

пен фиқһ ілімін сол заманның ең атақты ғалымдары

-– Шағби және Хаммад сияқты ғұламалардан үйренді.

Куфадахадисұстаздары, арабтіліменәдебиетімамандары,

шариғат ғалымдары жеткілікті болатын.

Ибн Шуһаб аз-Заһри: «Әлемде беделді ғұламалар

төртеу. Олар: Мәдинада ибн әл-Мусәйб, Куфада Шағби,

Басрада Хасан әл-Басри (642–728), Шамда Мәкхул

(р.а.)»,–деп сол кездің ең үлкен ғалымдарын атайды.

Шағби (р.а.) бес жүзге тарта сахабалармен кездесіп,

олардан білім алған. Омар ибн Әбдул Әзиздің (р.а.)

халифалық тұсында Куфа қаласында қазылық қызмет